Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

Сұрақ-Жауап

Сұрақ-Жауап


22.04.2020
Ыбырайым Нурлан
Отырар ауданы Арыс ауылы
Саламатсыздар ма. Осы ЧП кезінде көп балалы аналарға және соңғы тоқсанда АСП алғандарға соц. Пакет 6 жастан аскан отбасы мүшелеріне көмек беріледі деп еді. Соны қалай аламыз. Нур Отаннан сураксак әкімшілік тізім береді дейді. Осы сұрақтарға жауап алсақ болама.

Ответ:

Отырар ауданы, Отырар ауыл округі, Арыс ауылының тұрғыны Ыбырайым Нұрланға

Сіздің Отырар ауданы әкімдігінің ресми сайтында әлеуметтік пакет алу жөнінде сұраған сауалыңызға сәйкес төмендегіні хабарлаймын:

2020 жылдың  1-тоқсанында атаулы әлеуметтік көмекке берген өтінішіңізге сәйкес сізге 76935 теңге тағайындалған. 1-6 жас аралығындағы ұлдарыңыз Қожахметяр Дінмұхаммед және Қожахметяр Серікболсынға кепілдендірілген әлеуметтік топтама азық-түлік жиынтығы және тоқсанына 1 мәрте берілетін  тұрмыстық химия тауарлар  жиынтығы, жалпы соммасы 31812 тенгенің әлеуметтік пәкеттері  берілді. Ал 6 жастан асқан қыздарыңыз Қожахметяр Инабат және Қожахметяр Аидаға оқу орнынан берілуі тиіс ыстық тамақ орнына төтенше жағдайға байланысты наурыз және сәуір айларына 5567 теңгеден 22268 теңге көлемінде жәрдемақы берілді.

Төтенше жағдайға  байланысты   1 тоқсанда алған атаулы әлеуметтік көмегі  5 пайыз өсіміменен пролонгация жасалынып 2 тоқсанға 80781 тенге тағайындалды.

 2020 жылдың 2-тоқсанына арналған 1-6 жас аралығындағы балаларға арналған кепілдендірілген пакет мамыр айының соңына дейін жеткізілетін болады. 6-18 жас аралығындағы балаларға арналған мамыр айына арналған пакет азық-түлік жиынтығы ретінде жеткізілетіндігін түсіндіремін.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы А.Сүлеймен

8725-44-21003


31.03.2020

12.03.2020
Турар
Утрабат
Көлік көпірі құлауға жақын тұр,осыны жөндеп берсеңіздер

Ответ:

Отырарбат ауылының тұрғыны Т.Әлімге

Отырар ауданы аумағындағы ішкі көшелерге жөндеу жұмыстары маңыздылығына қарай кезең-кезеңімен жүргізілуде.

 Темір ауыл округі, Отырабат ауылына кірме жол бойында орналасқан көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжат әзірленуі қажет. Осыған орай, аталған жолға жобалық сметалық құжат дайындауға кажетті қаржы көлемі анықталып, жобаны 2021-2022 жылдар аралығында іске асыру мақсатында бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатындығын хабарлаймын.


Back to Top