Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАН ӘКІМІ ҚОҒАМ АУЫЛ ОКРУГІНДЕ ЕСЕП БЕРДІ

Бабтардың бабы Арыстанбаб әулие тыныс тапқан, ерлік пен өрліктің жарқын үлгісін көрсеткен Ежелгі Отырар қаласының орнында бұл күнде 3700-ден аса тұрғыны бар Қоғам ауыл округі қоныс тепкен.

Туристік әлеуеті зор ауылда өткен жылы ел игілігі үшін абаттандыру, көріктендіру бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Бірқатар көшелерге жөндеу жүргізіліп, тас төселсе, Ш-7, Ш-11А каналдарының ағымдағы жөндеуден өтуінің нәтижесінде 250 гектар суармалы жер айналымға қосылған.

2016 жылы осы ауылда 10 көпқабатты тұрғын-үйдің ел игілігі үшін пайдалануға берілгені аудан тұрғындарына үлкен қуаныш болғаны белгілі. Бұл игі іс биыл да өз жалғасын табатын болады.

Ағымдағы жылы жүзеге асырылатын жұмыстардың қатарында К.Нарымбетов, Әуелбеков көшелерін асфальттау, Қ.Сәтпаев мектебін күрделі жөндеуден өткізу мен дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік-акушерлік пункт құрылыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ, Мыңшұқыр елдімекенінде салынатын 140 орындық мектептің құрылысын жүргізуге, Серібек каналы мен Қызылту насос станциясын күрделі жөндеулерден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттар әзірленеді.

Сонымен қатар, Талапты, Мыңшұқыр, Қоғам ауылдарын газбен қамтамасыз ету құрылысының жобалық сметалық құжаттары дайындалуына қаржы қаралған.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі тұрғындардың әртүрлі сауалдарына мұқият жауап берді.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары аудан әкімінің есебін жоғары бағалап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Есептік жиынның соңында ауыл тұрғындары 2016 жылы аудан әкімінің атқарған есебіне оң бағаларын берді.

Back to Top