Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

САҒЫНДАРҒАН ӘНДЕР-АЙ

Бүгін аудандық Мәдениет сарайында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен «Сағындырған әндер-ай» ретро әндердернің кеші болып өтті.

«Сырлы қасықтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» демекші сонау 70-80-ші жылдардағы көпшіліктің құлақ құрышын қандырып, жан дүниесін тербеген әуезді әндер күні бүгінге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Сөзі мен әуені үндескен сырлы да, сазды шығармаларды халықтың әрдайым сағынатындығы да сондықтан шығар.

Ретро ән кешінде өткен күндерді еске түсіріп, сағындырған сағым жылдарды бірге сағынтқан өнерпаздардың нақышына келтіріп орындаған ән кешінде орындаушылардың өнеріне көпшілік қызу қолдау білдірді.

Қазақтың саз өнеріне аттарын алтын әріпен жазып кеткен Ш.Қалдаяқов, К.Дүйсекеев, Н.Тілендиев, Ә.Бейсеуов, М.Маңғытаев, Ә.Еспаев т.б сынды даңқты композиторлардың әндері шырқалғанда ретро әндерді сағынған көрермендер ерекше сезімге бөленіп, әсем әуендерге қосылып отырды.

Back to Top