Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАН ӘКІМІ ТЕМІРЛІКТЕРГЕ ЕСЕП БЕРДІ

Осы күні түс ауа аудан әкімі Ерлан Айтаханов өзінің есеп беру жиынын Темір ауыл округінде жалғастырды.

Халқы тығыз орналасқан ауыл округінде өткен жылы жаңадан спорттың бірнеше түрін қамтитын әмбебап кешен мен ардагерлер саябағы ел игілігі үшін пайдалануға берілсе, Б.Басов көшесі асфальттанып, М.Әлиев пен Б.Момышұлы көшелеріне аяқжолдар салынып, жарықтандырылды.

Сондай-ақ, ауылдағы өткен жылы бой көтерген 140 орындық заманауи балабақша ғимараты биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жиын барысында аудан басшысы 2017 жылы да Темір ауылында бірқатар игілікті істердің атқарылатындығына тоқталды.

Көп жылдардан бері ауыл тұрғындарының көтеріп жүрген мәселелерінің бірі ауылдық мәдениет үйі болатын. Аудан басшысы биыл осы мәселенің оң шешім тауып, ауылға 200 орындық мәдениет ошағының салынатындығын жеткізді. Сонымен қатар, аудан әкімі ауылдағы Р.Әбдірайымов көшесі асфальттанып, Темір орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігін атап өтті.

Аудан басшысының өткен жылы атқарған жұмыстарына өте жақсы деген бағасын берген Темір ауылының жұртшылығы ақ баталарын беріп, алдағы істеріне ақ жол тіледі.

Back to Top