Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАН ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІІКТЕРГЕ ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов өткен жылы атқарған жұмыстары жөнінде халыққа есеп беру жиынын Ақтөбе ауыл округінде бастады.

Күш атасы Қажымұқан атамыздың кіндік қаны тамған ауылда ынтымақ пен бірліктің арқасында өткен жылы біршама тірліктер атқарылған. Ауылдағы көлбеу дренаж қазылып, екі көшеге тас төселсе, аудан әкімінің тікелей ықпалымен Р-1 каналы дихандардың күш салуының арқасында тазартылып, суармалы жер көлемі 220 гектарға ұлғайған.

Жалпы шағын ауыл округі болғандықтан кейбір ұсақ мәселелерді ауыл тұрғындары бірлік пен ынтымақтың арқасында асарлатып шешіп тастайтындығы көпке үлгі боларлықтай.

Келелі кездесуде Ерлан Айтаханов аудан көлемінде үстіміздегі жылы атқарылатын ең маңызды деген жұмыстар жөнінде баян етіп, ал Ақтөбе ауыл округінде А.Құнанбаев көшесінің асфальттанатындығына тоқталды.

Жиында көпшілік тарапынан туындаған сауалдарға аудан басшысы нақты жауаптарын берді.

Аудан әкімінің атқарған жұмыстарына өз ризашылықтарын білдірген ақтөбеліктер өте жақсы деген бағаларын берді.

Back to Top