Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

Маяқұм

Елбасымыз Н.Назарбаевтың әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу жөніндегі Жарлығына сәйкес Маяқұм ауыл округінің әкімі Жасұзақ Тәукебаев Қостерек елді мекенінің тұрғындары алдында өткен 2016 жылғы ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары және алда тұрған міндеттер туралы есебін берді.

Аудан әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы М.Айдарқұлов, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Т.Елекеев пен Маяқұм ауыл округінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Б.Байымбетов және ауыл округі әкімі аппаратының қызметкерлері, ауыл округіндегі мекемелердің басшылары, учаскелік полиция инспекторы, қоғамдық ұйым төрағалары, жалпы саны 122 адам қатысқан жиында ауыл әкімі және ауыл тұрғындары тарапынан өткен жылғы жеткен жетістіктер мен алдағы уақыттарда атқарылуға тиісті жұмыстар жан-жақты сөз болды.

Жиын барысында ауыл округі көлемінде халық игілігі үшін кезегін күткен өзекті мәселелер, орынды ұсыныс-пікірлер айтылған кездесу жиынында сөйлеген шешендер ауыл әкімі атқарған жұмыстары үшін ризашылықтарын білдіріп, жоғары бағаларын берді.

Back to Top