Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

Отчет акима района

Отырар ауданының әкімі Е.Айтахановтың 2018 жылы атқарған

жұмыстарының қорытындысы бойынша есеп беру кездесуіне қойылған ұсыныс-пікірлер жәшіктерінің орналасқан жерлері.

Ауыл округтері-нің атауы Жауапты лауазымды тұлғалар Жәшік саны Байланыс телефоны Орналасқан жері
1. Аудан әкімі аппараты А.Мәулен 1 21-4-67 Шәуілдір ауылы, Отырар ауданы, «Жібек жолы» даңғылы-25
2. Аққұм С.Әлшері 1 8(72543) 32-5-02 Аққұм ауылы, Отырар ауданы, С.Сейфуллин-2А
3. Қарғалы Е.Шынтереков 1 27-1-99 Отырар ауылы, Отырар ауданы, А.Айменұлы-9
4. Қоғам Е.Зернабиев 1 26-8-19 Қоғам ауылы,Отырар ауданы, Ұ.Арғынбеков даңғылы-н/ү
5. Шәуілдір Ғ.Қыдыр 1 22-4-16 Шәуілдір, Отырар ауданы, О.Бәймішов-9
6. Шілік Ж.Сейітжанов 1 25-3-82 Шілік ауылы, Отырар ауданы, Т.Датқа-н/ү
7. Темір Ж.Қуатбеков 1 24-6-31 Темір ауылы, Отырар ауданы, М.Әлиев-4
8. Маяқұм Б.Иманов 1 26-2-48 Маяқұм ауылы, Отырар ауданы, С.Сейтбеков-4
9. Қарақоңыр С.Айсейтов 1 40-3-18 Ш.Қалдаяқов ауылы, Отырар ауданы, Ш.Ерманов-4
10. Балтакөл Ж.Таукебаев 1 8(72543) 35-5-44 Балтакөл ауылы, Отырар ауданы, Т.Әбуова-8
11. Көксарай Ә.Мәуленқұл 1 23-6-04 Көксарай ауылы, Отырар ауданы, Көксарай көшесі-13
12. Отырар Д.Үсетов 1 21-8-31 Арыс ауылы, Отырар ауданы, К.Момбеков-42
13. Ақтөбе И.Тайгелтір 1 25-3-47 Ақтөбе ауылы, Отырар ауданы, Қ.Мұңайтпасов көшесі-н/ү
14. Талапты Д.Жипсыбаева 1 22-4-88 Көкмардан ауылы, Отырар ауданы, М.Қабылов-н/ү
Барлығы: 14

Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Мәулен

Орындаған: Н.Момбек

21-4-32

«БЕКІТЕМІН»

Отырар ауданының әкімі

__________Е.Қ.Айтаханов

«__» ____________ 2018 жыл

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылы 5 ақпандағы «Орталық мемлекеттік органдарының басшылары, әкімдер, ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары халықпен есептік кездесулер өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес аудан әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кестесі

Қ/с Ауыл округі атауы Аудан әкімі Күні, уақыты Өткізілетін орны  
Отырар ауданы
1 Балтакөл а/о Айтаханов Ерлан Қуанышұлы 22.01.2019 ж. Сағ. 10.00 Балтакөл ауылы, Ы.Алтынсарин жалпы орта мектебі
2 Маяқұм а/о 22.01.2019 ж. Сағ. 12.00 Маяқұм ауылы, Мәдениет үйі
3 Көксарай а/о 22.01.2019 ж. Сағ. 15.00 Көксарай ауылы, Ауылдық клуб
4 Аққұм а/о 22.01.2019 ж. Сағ. 17.00 Аққұм ауылы, С.Сейфуллин жалпы орта мектебі
5 Ақтөбе а/о 23.01.2019 ж. Сағ. 10.00 Ақтөбе ауылы, Қ.Мұңайтпасов жалпы орта мектебі
6 Шілік а/о 23.01.2019 ж. Сағ. 12.00 Жаңа Шілік ауылы, М.Шаханов жалпы орта мектебі
7 Темір а/о 23.01.2019 ж. Сағ. 15.00 Темір ауылы, Мәдениет үйі
8 Қарақоңыр а/о 23.01.2019 ж. Сағ. 17.00 Ш.Қалдаяқов ауылы, Мәдениет үйі
9 Отырар а/о 24.01.2019 ж. Сағ. 10.00 Арыс ауылы, «Аққу» мәдениет үйі
10 Талапты а/о 24.01.2019 ж. Сағ. 12.00 Көкмардан ауылы, Мәдениет үйі
11 Қоғам а/о 24.01.2019 ж. Сағ. 15.00 Қоғам ауылы, Мәдениет үйі
12 Қарғалы а/о 24.01.2019 ж. Сағ. 17.00 Отырар ауылы, Отырар жалпы орта мектебі
13 Шәуілдір а/о 01.02.2019 ж. Сағ. 16.00 Қорытынды мәжіліс Шәуілдір ауылы, мәдениет сарайы үлкен залы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылы 5 ақпандағы «Орталық мемлекеттік органдарының басшылары, әкімдер, ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары халықпен есептік кездесулер өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес ауыл округі әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беру кестесі

Қ/с Ауыл округі атауы Ауыл әкімі Күні, уақыты Өткізілетін орны  
1 Балтакөл ауыл округі Таукебаев Жасұзақ Ақынбекұлы 15.01.2019 ж сағ.10.00 Ақкөл елді мекені, «Ақкөл» негізгі мектебі
15.01.2019 ж сағ.12.00 Көлқұдық елді мекені С.Мұқанов орта мектебі
15.01.2019 ж сағ.15.00 Үштам елді мекені, Үштам бастауыш мектебі
2 Маяқұм ауыл округі Иманов Берікбай Нұржігітұлы 15.01.2019 ж сағ.17.00 Қостерек елді мекені, Ғ.Мұратбаев орта мектебі
3 Көксарай ауыл округі Мауленқұл Әбдірахман Байқозыұлы 15.01.2019 ж сағ.10.00 Шеңгелді елді мекені, Шеңгелді орта мектебі
15.01.2019 ж сағ.12.00 Ызакөл елді мекені, Ызакөл бастауыш мектебі
15.01.2019 ж сағ.15.00 Жанкел елді мекені, Жанкел бастауыш мектебінің ғимараты
4 Аққұм ауыл округі Әлшері Серік Бегалыұлы 22.01.2019 ж сағ.17.00 Аққұм ауылы, С.Сейфуллин жалпы орта мектебі
5 Ақтөбе ауыл округі Тайгелтір Исахан Әлібекұлы 23.01.2019 ж сағ.10.00 Ақтөбе ауылы, Қ.Мұңайтпасов жалпы орта мектебі
6 Шілік ауыл округі Сейтжанов Жансұлтан Әділжанұлы 16.01.2019 ж сағ.10.00 Ескі Шілік елді мекені, С.Құртаев орта мектебі
7 Темір ауыл округі Қуатбеков Жандос Сәбитұлы 16.01.2019 ж сағ.10.00 Отырабад стансасы, Отырабад бастауыш мектебі
8 Қарақоңыр ауыл округі Айсейтов Сәкен Жаңабайұлы 16.01.2019 ж сағ.10.00 Бестораңғыл елді мекені, Бестораңғыл бастауыш мектебі
16.01.2019 ж сағ.12.00 Ақтам елді мекені, Арыс бастауыш мектебі
16.01.2019 ж сағ.15.00 Сырдария елді мекені, Сырдария негізгі мектебі
9 Отырар ауыл округі Үсетов Дінмұхамед Беделханұлы 18.01.2019 ж сағ.10.00 Шойманов елді мекені, П.Әйтменұлы негізгі мектебі
18.01.2019 ж сағ.12.00 Арыс елді мекені, З.Қалауова бастауыш мектебі
10 Талапты ауыл округі Жіпсібаева Динара Әбілқасымқызы 17.01.2019 ж сағ.10.00 Сарыкөл елді мекені, Сарыкөл негізгі мектебі
17.01.2019 ж сағ.12.00 Шытты елді мекені, А.Дәрібаев орта мектебі
17.01.2019 ж сағ.15.00 Ынталы елді мекені, Ә.Байтанаев негізгі мектебі
11 Қоғам ауыл округі Зернабиев Жеңісбек Әлайдарұлы 17.01.2019 ж сағ.10.00 Талапты елді мекені, Қ.Сәтбаев орта мектебі
17.01.2019 ж сағ.12.00 Мыңшұқыр елді мекені, Мыңшұқыр бастауыш мектебі
12 Қарғалы ауыл округі Шынтереков Есенбай Төреханұлы 17.01.2019 ж сағ.15.00 Қарғалы елді мекені, С.Ерубаев орта мектебі
13 Шәуілдір ауыл округі Қыдыр Ғалым Сағындықұлы   18.01.2019 ж сағ.11.00 Шәуілдір ауылы, Әл-Фараби атындағы мәдениет сарайының кіші залы

Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Мәулен

Орындаған:

Н.Момбек

2-14-32

Отырар ауданының әкімі Е.Айтахановтың

«Ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» есепті баяндамасы

Құрметті ауыл тұрғындары!

Құрметті мәжіліске қатысушылар!

2018 жылды аудан әкімдігі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырудан бастады.

Ұлт Көшбасшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы мен «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялап, «Мәңгілік Елдің» бүгінгі ұрпақтары үшін бағдарлы болашаққа жол сілтеді.

Күллі әлемді тамсандырған елордамыз - Астана қаласының 20 жылдық мерейлі жылы жоғары деңгейде өтті. Айтулы шараны өткізуге отырарлықтар да өз үлестерін қосып атсалысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Президент Жолдауын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын халық арасында насихаттау мен түсіндіру мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, 3 аудандық ақпараттық насихат топ құрылып, І және ІІ жартыжылдықта ауыл округтеріне шығу кестесі жасалынып, топ мүшелеріне таратылып, жұмыстар жүргізілді.

Аудан бойынша ҚР Президентінің Жолдауын халық арасында насихаттау үшін 21 адамнан тұратын 3 аудандық, 13 ауыл округтері бойынша ақпараттық-насихаттық топтары құрылып, елді мекендер мен мемлекеттік мекемелерде 66 кездесу өткізді. Елбасы Жолдауын аудан тұрғындарына насихаттау бойынша 1 республикалық ақпараттық-насихаттық топың мүшелері, 2 облыстық ақпараттық – насихаттық топың мүшелері ауданымызда болып халықпен жүздесті. Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында «Отырар алқабы» газетінде 73 мақала жарияланса, аудан көлемінде 14 билборд шығарылып, ілінді.

Ауданымыздың 2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштері

Әлеуметтік-экономикалық даму

2017 жылы жалпы ауданда өндірілген ішкі аймақтық өнім көлемі 59 млрд 848 млн теңгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 111,0 пайызға артты.

Бюджеттік-салықтық саясат

Жергілікті бюджеттің кіріс жоспары 1 млрд 321 млн теңге. болып бекітілсе, орындалуы 1 млрд 422 млн теңгені құрап, 101,3 млн. теңгеге артық немесе 107,7 пайызға орындалды.

Ауданымыздың 2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштері

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласы

2018 жылдың есепті мерзімінде ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарында 15 млрд 154 млн 564 мың теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 104,8 пайызды құрады.

Кәсіпкерлік саласы бойынша жалпы статистикалық мәліметке сәйкес, тіркелген субьектілер саны 4634 болса, оларда жұмыс істеп тұрғаны 4280 субьектіні құрап отыр. Яғни, 92,4 % жұмыс істеп тұр.

Берілген несиелер бойынша

Аудан кәсіпкерлеріне «Оңтүстік АИО» ЖШС мен оның еншілес мекемесі «Ырыс»микро қаржы ұйымы» арқылы қысқа және ұзақ мерзімге 2018 жылдың есепті мерзімінде 65 жобаға 174,9 млн теңге несие қаржы берілген. Бұл мал бордақылау, мал басын көбейтуге, әр түрлі дақылдар өсіруге және т.б. бағыттар бойынша жобаларға берілді.

«Бизнестің жол картасы -2020»

Қазіргі таңда 7 жоба мемлекеттік қолдау тауып отыр. (жоспар 7 жоба)

  1. Банк кредиттерін субсидиялау бойынша 5 жоба;
  2. Инфрақұрылымды жеткізу бойынша 1 жоба.

3.Гранттық қаржыландыру бойынша 1 жоба

«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында ауданымыздан «Отырар Био Тех» ЖШС-нің Биоэтанол өндіру зауытын салуға қытайлық инвесторлар ниет білдіріп отыр. Жобаға ауданымыздағы индустриялды аймаққа бөлінген жер телімінен жер бөлінді. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Инвестиция бойынша

2018 жылдың есепті мерзімінде негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 11 млрд 847 млн 028 мың теңгені құрады. 2017 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 104,8 пайызды құрады.

Оның ішінде жеке тартылған инвестиция көлемі 8 млрд 106 млн 900 мың теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы саласы

Өңіріміздің аграрлы аймақ екенін ескерсек, ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударылуда. Егіс көлемін ұлғайту, жаңадан қосылған жерлерді игеру, заманауи технологияларды кеңінен енгізу (жаңбырлатып, тамшылатып), жылыжай, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аудан бойынша 2018 жылдың 11 айдың қорытындысымен ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 17 млрд 753,8 млн теңгені құрап, НКИ 110,8 пайызды құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (2017ж 11 айында 15 млрд 460,9 млн теңге 104,7 пайыз) 2 млрд 292,9 млн теңгеге артқан.

Отырар ауданы бойынша 2017 жылы 28050 га егілген болса, 2018 жылы 30652 га құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда 2602 га артып отыр. (2018 жылы жоспар 28980 га)

Олар келесі дақылдар бойынша:

- дәндік жүгері 2017 жылы 8342,7 га (өнімділігі 51,7 цн, алынған өнімі 43097 тн) егілсе 2018 жылы жоспар 10000 га болатын болса, орындалуы 10055 га құрап орташа есеппен өнімділігі 53 цн, алынған өнімі 53 291 тн құрап 2017 жылмен салыстырғанда 10194 тоннаға артты;

- тары 2017 жылы 1011 га (өнімділігі 15,9 цн, алынған өнім 1609 тн) егілсе 2018 жылы 722 га құрап толық орылып, өнімділігі орташа есеппен 16 цн құрап 1155 тонна құрап отыр (2018 жыл жоспары 600 га);

- картоп 2017 жылы 224,9 га (өнімділігі 82,3 цн, алынған өнім 1851 тн) егілсе 2018 жылы 232,7 га құрап өнім толық жиналып, өнімділігі орташа есеппен 82,5 цн құрап 1928 тонна құрап отыр (2018 жыл жоспары 200 га);

- көкөніс 2017 жылы 700,7 га (өнімділігі 153,5 цн, алынған өнім 10743 тн) егілсе 2018 жылы 756 га құрап өнім толық жиналып, өнімділігі орташа есеппен 155 цн құрап 11718 тонна құрап 2017 жылмен салыстырғанда 975 тоннаға артып отыр (2018 жыл жоспары 700 га);

- бақша 2017 жылы 6894 га (өнімділігі 135,3 цн, алынған өнім 93281 тн) егілсе 2018 жылы 7492,4 га құрап толық жиналып, өнімділігі орташа есеппен 170 цн құрап 127364 тонна өнім жиналып 2017 жылмен салыстырғанда 34083 тоннаға артып отыр (2018 жыл жоспар 7400 га);

- жонышқа 2017 жылы 9601 га (өнімділігі 79,3 цн, 76164 тн) егілсе 2018 жылы 9668 га құрап өнімділігі орташа есеппен 81 цн құрап 78310 тонна құрады (2018 жыл жоспар 9500 га).

- қарқынды бау шаруашылығы дамыту бойынша 2018 жылы жоспар 25 га болса, орындалуы 25 га 100 пайызға.

- жүзім шаруашылығын дамыту бойынша 2018 жылы жоспар 55 га болса, орындалуы 55 га 100 пайызға.

- жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша 2018 жылы жоспар 3 га болса, орындалуы 3,01 га 100,3 пайызға.

- тамшылатып суғару әдісін ендіру бойынша 2018 жылы жоспар 550 га болса, орындалуы 600 га 109,1 пайызға артты.

Күзгі жиын терім және жер айдау аудан бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар-жағар маймен қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылға 1300 тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінген. Бүгінгі таңда толық игерілді.

Күздік бидай егу жүмыстары Ақтөбе ауыл округінде 200 га, Маяқұм ауыл округінде 20 га күздік бидай егілді.

Жер айдау (күзгі зябь) жұмыстарына аудан көлемінде МТЗ 1221 -5 дана, МТЗ 952,2 -14, Т-150 -12, Т-4А ДТ-75М -12, К-700 -7 техникалар тартылуда. бүгінгі таңға 18 291 га жер айдалды.

Мал мен құс саны:

- МІҚ 2018 жылдың 11 айдың қорытындысы 45533 бас 104,9 % (өткен жылдың осы кезеңінде 43406 бас);

- уақ мал 2018 жылдың 11 айдың қорытындысы 311106 бас 101,5 % (өткен жылдың осы кезеңінде 306438 бас);

- жылқы 2018 жылдың 11 айдың қорытындысы 14881 бас 112,4 % (өткен жылдың осы кезеңінде 13236 бас);

- түйе 2018 жылдың 11 айдың қорытындысы 6378 бас 108,6 % (өткен жылдың осы кезеңінде 5872 бас);

- құс 2018 жылдың 11 айдың қорытындысы 66856 бас 108,4 % (өткен жылдың осы кезеңінде 58802 бас).

Мал мен құс өнімі:

- өндірілген ет 2018 жылдың 11 айдың қорытындысы 8312,0 тонна 102,9 % (өткен жылдың осы кезеңінде 8074,6 тонна);

- өндірілген сүт 2018 жылдың 11 айдың қорытындысы 20835,3 тонна 108,1 % (өткен жылдың осы кезеңінде 19281,3 тонна); - өндірілген жұмыртқа 2018 жылдың 11 айдың қорытындысы 5971,5 мың дана 111,9 % (өткен жылдың осы кезеңінде 5338,0 мың. дана).

Қайта өңдеу кәсіпорындары бойынша:

- «Гүлмайра» ШҚ – шұбат өнімі 2017 жылы 397,1 тонна өндірсе, 2018 жылдың 11 айында 381,1 тонна өндірді.

- «Усенов Н» ШҚ – шұбат өнімі 2017 жылы 574,6 тонна өндірсе, 2018 жылдың 11 айында 498,4 тонна өндірді.

- «Төребек-Д» ЖШС – шұбат өнімі 2017 жылы 160 тонна өндірсе, 2018 жылдың 11 айында 111,1 тонна өндірілді.

Жалпы ауданда қайта өңдеу кәсіпорындары бойынша 2017 жылы 1131,7 тонна өндірілген болса, ағымдағы 2018 жылдың 11 айында 990,6 тонна шұбат өндірілген.

Экспортқа ет өнімін шығару бойынша. Ауданда бірінші рет экспортқа ет өнімін шығару қолға алынды. 2018 жылға қой етін экспортқа шығару жоспар 259 тонна, бүгінгі таңда Иран мемлекетіне қозы етін шығару арқылы 272 тонна, яғни 105 пайызға жоспар артығымен орындалды.

Көксарай ауыл округінен «Бейсенбай» ШҚ-ы, Аққұм ауыл округінен «Отырар өнімдері» ЖШС-і, Маяқұм ауыл округінен «Қарақұм-2-Қақ» ЖШС-і, Отырар ауыл округінен «Алтын» ӨК-і 2018 жылғы төлдерін Иран мемлекетіне экспорттады.

Ағын су

2018 жылы көптеген жылдардан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген 3 каналдың күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 40 млн теңге бөлініп жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:

Ақтөбе ауыл округіндегі «Қоңыртөбе» каналы сметалық құны 8 млн теңгеге ұзындығы 2,5 шақырым жері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп 150 га суармалы жері сумен қамтылады.

Қарғалы ауыл округіндегі «НС-2» каналы сметалық құны 22 млн теңгеге ұзындығы 3 шақырым жері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп 70 га суармалы жері сумен қамтылады.

Қарақоңыр ауыл округіндегі «Ақтам» каналы сметалық құны 10 млн теңгеге ұзындығы 2,5 шақырым жері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп 100 га суармалы жері сумен қамтылады.

Жер қатынастары саласы

Аудан бойынша 2018 жылы жер түгендеу комиссиясымен жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін өз мақсатына сай пайдаланылмай жатқан 120 агроқұрылымның 57884 га (суармалы 1350 га, жайылым 56534,51) жер телімдері анықталып, жерді игеру жөніндегі хабарлама тарқатылды.

Тексеру барысында 32 жер иеленушілердің 39 100,04 га (суармалы 92 га, жайылым 39 008, 04 га) жер учаскелері мақсатына сай пайдаланып жатқаны белгілі болған. Олардың кейбіреулерінде малдары болса, басқаларында үй, малшы қора, құдық салынып пайдаланып жатқаны белгілі болды.

Жер учаскелеріне шығу барысында 14 жер иелерінің 3339,94 га (суармалы 410,94 га, жайылым 2929 га) жер учаскелерін пайдаланбай жатқаны анықталып, ауданның арнайы жер қорына қайтарылды.

Қалған 71 агроқұрылымдардың 11 827,19 га (10997,24 га жайылым, 829,95 суармалы) жер учаскелерін пайдаланбай жатқан жер иеленушілерге 10 еселенген салықтарды салу үшін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы №376 бұйрығымен бекітілген қағида талаптарына сәйкес Аудандық кірістер басқармасына жолданған.

2018 жылы жалпы 6368,93 га (459,54 га суармалы, 5741,06 га жайылым, 168,33 га шабындық) жерлер ауданның арнайы жер қорына қайтарылды. Алдағы уақытта жер қайтару жұмыстары өз деңгейінде жалғасын табады.

Ағымдағы жылы 26 жер теліміне 1 аукцион ұйымдастырылып, нәтижесінде 12 жер теліміне жеңімпаздар анықталып, жер телімдері берілді.

Ветеринария саласы

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасынан Ірі қара малға 18000, ұсақ малға 180000, түйеге 1234 сырғалар алынған.

2018 жылы 26667 бас мүйізді ірі қара , 183491 бас уақ малдар, 1642 бас түйелер, 6865 бас жылқылар (сырғалау, деректер базасына енгізу, ветеринарлық паспорттар беру) бірдейлендірілді.

Эпизоотияға қарсы іс шаралар жүргізу (аса жұқпалы мал ауруларына қарсы егу, аллергиялық тексеру, дегельментизация жасау) жұмыстары бойынша: Республикалық ветеринариялық қорынан жұқпалы мал ауруларына қарсы 2904,636 мың доза ветеринариялық препараттар алынып, қолданылды.

Ауылшаруашылығы жануарларының 297 ауру сынамасына бактериологиялық, 8572 ауру сынамаларына вирусологиялық зерттеулер зеттеулер жүргізілді .

2018 жылы мал ауруларының диагностикалау (балау) іс шаралары бойынша 529279 бас ауылшаруашылық жануарлары бруцеллезге тексеріліп 7 бас мүйізді ірі қара, 34 бас уақ мал бруцеллез ауруына оң нәтиже беріп, ветеринариялық санитариялық ережеге сәйкес санитарлық сойылып, 1150 ш/м қора жайларға көлеміне дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Ауру мал иелеріне 614400 теңге өтемақы төленді.

2018 жылы иттер 4476 бас, мысықтар- 1173 басы есепке алынып, ветеринариялық паспортталды.

Құтыру ауруына қарсы 2500 бас мүйізді ірі қара, 7956 бас уақ мал, 5560 бас иттер, 1676 бас мысықтар егілді.

Аудан көлемінде ауыл округтері бойынша 2815 бас қаңғы бас ит-мысықтар, ауланып, жойылды.

Қасқыр мен шибөрі аулауға аудандық резервтік қордан 2000,0 мың тенге бөлініп, ОҚО Орман шаруашылығы, жануалар дүниесі аумақтық инспекциясынан қасқыр шиебөрі аулауға 5 аңшыларға рұқсаттар алынып, барлығы 8 аңшы көмекшілер жұмылдырылып, 439 шиебөрілер ауланып жойылды.

2018 жылғы аудан көлемінде барлық ашық қора, жабық қора, жапсарлас қоралардың есебі мен дезинфекциялауға жататын қора-жайлардың көлемі толық есепке алынып . жабық қора саны 9511 көлемі – 531416 ш/м, ашық қора саны 6770 көлемі - 650738 ш/м, мал тұрақтайтын жапсарлас қора саны 2724 көлемі - 469816 ш/м, барлығы 19005 қора жай саны мен көлемі 1651970 ш/м деректер қоры жасалды

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан 26 тн 934 кг дельтаметрин, 2960 литр креолин инсектоакарацидтті препараттар алынды.

Көктем айында 57678 бас мүйізді ірі қара, жылқы, түйе малдары бүркілді, 293726 бас уақ малдар тоғытылды, 1686970 ш/м қора жай көлеміне, 1679700 ш/м буферлік аймақтарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Күз айында 59408 бас мүйізді ірі қара, жылқы, түйе малдары бүркілді, 302537 бас уақ малдар тоғытылды, 2667170 ш/м қора жай көлеміне, 699500 ш/м буферлік аймақтарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы 153 адамды кене шағып,олардың 321 МІҚ, 2148 уақ малы, 53 бас жылқысы 19574 метр қора жайлары залалсыздандырылды.

Құрылыс саласы

Былтырғы жылы сметалық құны 311,6 млн. теңге болатын Шәуілдір ауылындағы үш қабатты 12 пәтерлік 2 қызметтік тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджет есебінен бөлінген 200,0 млн. теңге толығымен игерілді. Тұрғын үй құрылысы 2019 жылға өтпелі болғандықтан қалған 92,8 млн. теңге қаржысы биылғы жылға жоспарланған. Мердігері «ТБК Group Compani» ЖШС-і.

2018 жылы облыстық бюджет есебінен әзірленген Мыңшұқыр елді мекеніндегі үш қабатты 18 пәтерлік 10 үйдің жобалау-сметалық құжаттамалары (барлығы 49,8 мл. теңге, 2017 жылы 32,9, 2018 жылы 16,9 млн. теңге) қаржы бөлу мақсатында облыстық бюджетке ұсынылды. Оның ішінде 4 тұрғын үйдің құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салу көзделіп отыр.

Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен Шәуілдір ауылындағы үш қабатты 24 пәтерлік 2 тұрғын үй (сметалық құны 337,3 млн. теңге, №ГНҚ-0090/18, сметалық құны 395,4 млн. теңге, №ГНҚ-0091/18 08.10.2018 ж.) мен екі пәтерлік 1 тұрғын үй құрылысының (сметалық құны 40,8 млн. теңге, ҚСҚКАZ-0127/18 19.07.2018 ж.) жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама қорытындылары алынды.

2018 жылы жеке тұрғын үй салуға арналған жер учаскелерін дайындау мақсатында сметалық құны 310,6 млн. теңге болатын Шәуілдір ауылындағы жаңа мөлтекауданның инженерлік-коммуникациялық жүйелері 2-кезегінің (су, электр желісі) құрылысына облыстық бюджет есебінен 103,6 млн. теңге қаржы қарастырылып, игерілді. Нысан құрылысы 2019 жылға өтпелі болуына байланысты қалған 187,6 млн. теңге қаржысы биылғы жылы қарастырылып отыр. Мердігері «KKS Construstion Group» ЖШС. Бұл жоба бойынша 260 азамат жеке тұрғын үйге арналған жер учаскелерімен қамтылатын болады. Қазіргі таңда жеке тұрғын үй салу мақсатында жер учаскесін алу үшін 427 азамат кезекте тіркелген. Жоба бойынша оның 60%-дан астамы жер учаскесімен қамтылатын болады.

Оған қоса, аудандық бюджет есебінен 126 жеке тұрғын үй учаскесіне арналған Көкмардан ауылындағы жаңа мөлтекауданның инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің (су 72,1 млн. теңге, №ҚҰТСАР-0038/18 20.08.2018 ж., электр жүйесі 49,4 млн. теңге, №ҚҰТСАР-0039/18 04.09.2018 ж., жол 482,6 млн. теңге, №ҚҰТСАР-0057/18 25.12.2018 ж. ) жобалау-сметалық құжаттамаларына сараптама қорытындысы алынып, республикалық бюджетке ұсынылды.

Көкмардан ауылындағы бірқатар мемлекеттік мекемелерді жылумен қамтамасыз ету мақсатында Көкмардан ауылындағы қазандық жайының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді (сметалық құны 109,6 млн. теңге).

Облыстық бюджет есебінен сметалық құны 211 млн. теңгені құрайтын Шәуілдір ауылындағы Арыс өзенінің жағалауын қайта құру жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 183,7 млн. теңге (2017 жылы 167,3 млн., 2018 жылы 16,5 млн. теңге) бөлініп, нысан 2018 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. Мердігері «Нұрдәулет ЛТД» ЖШС-і.

Сметалық құны 824,2 мың теңгені құрайтын Мыңшұқыр елді мекеніндегі 300 оқушыға арналған «Мыңшұңқыр» жалпы орта мектебінің құрылысына 2018 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 50,0 млн. теңге игерілді. Нысан құрылысы 2019 жылға өтпелі болуына байланысты 2019 жылға 767,1 млн. теңге қарастырылып, мердігер мекеме «Ныш-Ер» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жалғастыруда.

Аудандық бюджеттен бөлінген Шойманов ауылындағы П.Айтменов мектебіне спорт зал және акт зал құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді (сметалық құны 146,2 млн. теңге).

2018 жылы сметалық құны 212,7 млн. теңгені құрайтын Темір ауылы Момышұлы көшесі бойындағы 200 орындық мәдениет үйінің құрылысына облыстық бюджет есебінен бөлінген 195,6 млн. теңге (2017 жылы 102 млн., 2018 жылы 93,6 млн. теңге) толық игеріліп, 2018 жылдың маусым айында пайдалануға берілді. Мердігері «Жолсерік» ЖШС-і.

Сонымен бірге, аудандық бюджет есебінен Аққұм ауылындағы 100 орындық мәдениет үйі (сметалық құны 179,9 млн. теңге, №19-0216/18 02.07.2018 ж.) мен Балтакөл ауылындағы 200 орындық мәдениет үйінің (сметалық құны 354,8 млн. теңге,№19-0216/18 02.07.2018 ж.) жобалау-сметалық құжаттамаларына сараптама қорытындылары алынып, облыстық бюджетке ұсынылып отыр.

Шәуілдір ауылындағы 100 мың томдық кітапхана құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткеру үшін ұсынылып отыр (сметалық құны 364,4 млн. теңге).

Сонымен бірге сметалық құны 359,7 млн. теңгені құрайтын Шәуілдір ауылындағы спорт кешенінің құрылысына облыстық бюджет есебінен бөлінген 298,5 млн. теңге (2017 жылы 102 млн., 2018 жылы 195,5 млн. теңге) қаржы толық игеріліп, 2018 жылдың шілде айында пайдалануға берілді.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жұмыстары бойынша 2018 жылы құрылыс басқармасы бекіткен кестеге сәйкес жалпы алаңы 11 200 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 11580 шаршы метрге, былтырғы жылдың (10240 шаршы метр) есепті кезеңімен салыстырғанда 113,1 %-ға орындалатын болады. Ал, жоспар

Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі бойынша биылғы жылғы 5400,0 млн. теңгенің (2017 жылы 5146,2 млн. теңге) құрылыс жұмыстары жүргізілген. Алдын-ала есеп бойынша 2017 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 103%-ға орындалатын болады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы

Газдандыру бойынша Аудан көлеміндегі бір-біріне тығыз және аудан орталығы Шәуілдірге жақын орналасқан 22 елді мекенге газ жүйесін жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттар дайындауға бюджеттен қаржы бөлінген. Оның ішінде 2018 жылы жалпы құны 2690,602 млн теңге болатын 6 елді мекеннің (Шәуілдір, Темір, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Ақтөбе, Ш.Қалдаяқов) газ жүйесінің құрылысын салу жұмыстары атқарылуда. Аталған 6 нысан 2019 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған 3360,2 млн.тг болатын 14 елді мекеннің тиісті құжаттары Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы бюджеттен қаржыландыруға ұсынылып, оның ішінде жалпы құны 1845,0 млн теңге болатын 4 елді мекеннің (Ынталы, Мыңшұқыр, Қоғам, Қарақоңыр) газ құбырын салу жұмыстарына 2019 жылы республикалық бюджеттен 1 065,7 млн теңге қаржы қаралды.

2 елді мекеннің (Арыс, Шойманов) газдандыру құрылысына жобалық сметалық құжаттары дайындалып, сараптама қорытындысын алу үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар, «ОҚО, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына» 12 елді мекеннің (Аққұм, Көксарай, Жанкел, Ызакөл, Шеңгелді, Маяқұм, Қостерек, Бестам, Балтакөл, Көлқұдық, Ақкөл, Үштам) сәулет жоспарлау тапсырмалары (АПЗ) дайындалып, облыстық бюджеттен жобалық сметалық құжаттар дайындауға тиісті құжаттары рәсімделіп, облыстық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды.

Ауданның даму жоспарына байланысты 2021 жылы газдандыру толық аяқтау жоспарланған.

Ауыз су бойынша Отырар ауданы бойынша 38 елді мекеннің 25 елді мекені орталықтандырылған құбыр суымен 6 елді мекені «Қазақстан Темір Жолы» АҚ арқылы ауыз сумен қамтылған. 7 елді мекен құдық және ұңғы суын пайдаланады. 2018 жылы 2 елді мекенге, яғни Арыс елді мекені (халық саны 400) (Қарақоңыр ауыл округіндегі) және Қостерек (халық саны 712) (Маяқұм ауыл округіндегі) елді мекендерін сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 123,7 млн теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары атқарылуда. Аталған 2 нысан 2019 жылға өтпелі. Жер асты су қоры анықталған 3 елді мекеннің Жанкелді (халық саны 712 Көксарай а/о), Бестам (халық саны -121, Маяқұм а/о), Ызакөл (халық саны 280,Көксарай а/о) жобалық сметалық құжаттамасын жасау үшін тиісті басқармаға ұсыныс берілді. Қалған 2 елді мекеннің (Ақкөл халық саны-388 (Балтакөл а/о), Сырдария халық саны-375 (Қарақоңыр а/о) жер асты су қорын анықтау үшін ТО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына құжаттары ұсынылған

Сонымен қатар, Көксарай ауылының (халық саны 4200) ескірген ауыз су жүйесін қайта құру үшін демеушілер арқылы ЖСҚ дайындалып, сметалық құны 930,7 млн теңгеге мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. 2019 жылға облыстық бюджеттен 100,0 млн теңге қаралып, ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстары басталатын болады.

Жол құрылысы бойынша. Отырар ауданы аумағынан өтетін республикалық маңыздағы «Кентау-Түркістан-Шәуілдір-Төрткөл» автокөлік жолының 2018 жылы Шәуілдір-Төрткөл бағытындағы 140-151 шақырым аралығында 11 шақырымға, Шәуілдір-Түркістан бағытындағы 32-73 шақырым аралығындағы 41 шақырымға орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар аталған автокөлік жолында 5 дана көпірлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2018 жылдың қыркүйек айында аяқталды. Тапсырысшы «ҚазАвтоЖол» АҚ.

Күрделі жөндеу жұмыстары. 2018 жылы ұзындығы - 1,0 шқ болатын «Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы Жылқышиев, Дәрібаев көшелерін күрделі жөндеу жұмыстарын» жүргізу үшін жергілікті бюджет есебінен (сметалық құны 100,059 млн тг) қаралған қаржыға мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы «Барыс Строй-2030» ЖШС тарапынан жұмыстар атқарылды.

Орта жөндеу жұмыстары. Аудан бойынша ұзындығы - 18,485 шқ болатын 18 көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен (сметалық құны- 252,174 млн тг) қаржы қаралып, 18 ішкі көшелерге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Абаттандыру жұмыстары бойынша Шәуілдір ауылындағы Т.Сәрсенбаев көшесі мен Ардагерлер саябағын абаттандыру жұмыстары 2017-2018 жылдарға жоспарланып, атқарылған. Жұмыстың құны 63,556 мың теңге.

«Отырар төбе» қалашығына кіре беріс қақпаны (сметалық құны 250,8 млн. теңге) және «Арыстанбаб» кесенесінің аумағын абаттандыру (сметалық құны 224,4 млн. теңге) жұмыстарына 2018 жылы облыстық бюджеттен 61,1 млн теңге қаржы қаралып, жұмыстар атқарылуда. Аталмыш нысандар 2019 жылға өтпелі.

Қарақоңыр ауыл округі Ш.Қалдаяқов ауылындағы Шәмші паркін және Әділет, Азаттық, Ерманов көшелерін абаттандыру жұмыстары (сметалық құны 43,680 млн. теңге) және Балтакөл ауылы М.Көбеев көшесін абаттандыру жұмыстары (сметалық құны 17,920 млн. теңге) жүргізіліп, аяқталған.

Әлеуметтік сала

Халықты жұмыспен қамтамасыз етудің 2018 жылы кешенді жоспарын орындалуы, атқарылған жұмыстардың нәтижесіне туралы:

Аудан бойынша халықты жұмыспен қамтамасыз етудің 2018 жылға кешенді жылдық жоспар- 2487 адам, нақты 2738 адам қамтылып, жоспар 110%-ға орындалды. Оның ішінде санаттары бойынша жұмыссыздар есебінен 980 адам жолданып, жылдық жоспар 102%-ға орындалса, өздігінше жұмыспен қамтылғандар қатарынан 1098 адам, (12-ай жоспар-1038 адам) жоспар 106%-ға орындалды, жұмыс іздеушілер қатарынан 12-ай жоспар 486 адам, орындалуы 660 адам саны 136% пайыз. Жұмыспен қамтылған халықтың 36,2%- ы табысы аз азаматтар (12-ай жоспар–835 адам), нақты 990 азамат, 119 пайызға қамтылып отыр.

БІРІНШІ БАҒЫТЫ– кәсіби білім беру және кәсіптік оқыту бойынша 2018 жылға жоспар 240 адам, оның ішінде қысқа мерзімді қайта даярлау курсына 140, кәсіби оқуға 100. Қысқа мерзімді қайта даярлау курсына 140 адам, ұзақ мерзімді кәсіби оқуға 100 азамат жолданып, жоспар 100 пайызға орындалды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған 101 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

ЕКІНШІ БАҒЫТЫ– жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2018 жылға шағын несиемен қамту 37 адамға жоспарланған. Өтініш берушілерден құжаттары жинақталып, нақты 57 азамат 261,9 млн теңге «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамтудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша несиеленді, оның ішінде «Отырарауылнесие» қаржы ұйымынан 17 азамат 115,5 млн. теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 40 азамат 146,4 млн теңге. Несиемен қамтылған азаматтар қатарынан қосымша 53 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Кәсіпкерлік негіздерінде оқыту жылдық жоспары 63 адам, одан 63 азамат жолданып, жоспар 100 пайызға орындалды. Сертификат алған азаматтар қатарынан 25 азамат шағын несиемен қамтылды.

ҮШІНШІ БАҒЫТжұмыспен қамту, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша тұрақты уақытша және жаңа жұмыс орындары бойынша жылдық жоспар 1897 адам болса, нақты 2365 азамат жұмысқа жолданып, жоспар 125 пайызға орындалды. Жалпы жұмысқа жолданған 2365 адамның ішінен тұрақты уақытша бос жұмыс орнына 1718 адам жолданған (2-бағыт жұмыс орындарын қоса есептелгенде).

Әлеуметтік жұмыс орны бойынша; жылдық жоспар 100 адам, нақты жолданғаны 114 азамат 31 жұмыс беруші мекемеге жолданды, орындалуы 114 пайызға орындалып отыр. Қаралған қаржысы 26,4 млн. теңге, қаралған қаржысы 100 пайызға толығымен игеріледі.

Жастар практикасы бойынша: жылдық жоспар 100 азамат, нақты бүгінгі таңға 133 азамат, 34 жұмыс беруші мекемеге жолданып есепті мерзімге 133 пайызға орындалып отыр. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржысы 36,1 млн. теңге, қаралған қаржылары уақытылы толығымен игерілді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтылуы жоспары 83 азамат. Есепті мерзімде 89 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылып, жоспар 107,2%-ға орындалды (әлеуметтік жұмыс орнына 17, бос жұмыс орындарына 36, қысқа мерзімді қайта даярлау курсына 8, ақылы қоғамдық жұмыс орнына 20, жастар практикасына 1, несие алғандар 2, кәсіпкерлік негіздерін оқуға 5).

Ақылы қоғамдық жұмыс орнына жылдық жоспар 400 адам, нақты 400 азамат жолданып жоспар 100 пайызға орындалды.

Білім саласы

Білім беру саласында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны 27, мемлекеттік балабақшалар саны-21, жекеменшік балабақшалар саны-7, мектеп ішіндегі шағын орталықтар саны-12. Жалпы қамтылған балалар саны- 3215.

2017-2018 оқу жылында «Балапан» бағдарламасының орындау барысында балаларды мектепке дейінгі қамту- қазіргі таңда бұл көрсеткіш 93,0% құрап отыр.

Сметалық құны 422,0 млн. теңге болатын Темір ауылындағы 140 орындық балабақшаның құрылысына аудандық бюджеттен 399 млн. теңге (2016 жылы 306,5 млн теңге, 2017 жылы 92,5 млн. теңге) қаралып, пайдалануға берілді.

Облыстық бюджет қаржысына 300 орындық «Мыңшұңқыр» жалпы орта мектебінің құрылыс басталып 2019 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда білім ұйымдарының жалпы саны 40, типтік жайда орналасқаны 27, ыңғайластырған жайда 13 орналасқан. Аудан көлемінде апатты және 3 ауысымды мектептер жоқ.

2018 жылы С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп КММ-нің (Темір ауылында орналасқан) 89,600 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

ҰБТ-ның 3 жылдық қорытындысы бойынша жылдан-жылға көрсеткіші жоғарылап келеді. 2016 жылы 79,47 облыс бойынша 7-орыннан көрінсе, 2017 жылы ҰБТ-да 84,6 балл болып, облыс бойынша 3-орынды иеленді. Биылғы жаңа форматта өткен ҰБТ-ға 514 оқушы тапсыруға ниет білдірген. ҰБТ-ің қорытындысы бойынша шығармашылықты тапсырған оқушыларды қосып есептегенде жалпы орта 90,4 баллды құраса, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5,8 балға артқан. Облыс бойынша ауданымыз 1 орыннан көрінді. Сонымен қатар, биылғы жылы «Алтын белгі» белгісін 51 оқушы, «Үздік аттесттатқа» 18 оқушы алып иегері аталды.

«Туған елге тағзым» тақырыбында аудан мектеп бітіруші түлектерімен «Онжылдықтар тоғысында» акциясы екі бағытта ұйымдастырылып, өткізілді. Акция барысында 17 млн 065 мың теңгеге қаржылай көмектер көрсетілді

Мәдениет саласы

Қазақтың ұлттық құндылықтарын қайта жаңғырту, Елбасымыздың Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру мақаласы аясында, мәдени жетістіктерімізді насихаттау мақсатында өткізілген мәдени іс-шаралар:

Аудандық мәдениет сарайында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі өтті. Фестивальге 450 ге жуық аудан өнерпаздары қамтылып, түрлі жанрлар бойынша өнерлерін халыққа ұсынып, ІІ-орынды иеленді.

Аудандық «Отырар таланттары -2018» VІІ халық өнер фестивалі жанрдың 16 түрінен 480 өнерпаз қатысып, ақтық кезеңі ауданымызда өтті. Ақтық кезеңге ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор, профессор Марат Омаров төрағалық етті.Жеңімпаздар марапатталып, гала концерт халыққа ұсынылды.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында «100 жаңа оқулық – болашаққа бастама» атты жарық көрген 18 оқулықтың презентациясы өткізілді.

Аудандық ІX «Фараби оқулары» байқауы, «Абай оқулары» байқауы өткізілді.Жерлесіміз, ақиық ақын Қаныбек Сарыбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Өнерде көл-дария шалқар еді» атты поэзия кеші өтті.

«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, Жалпыхалықтық диктант өткізілді. Жалпыхалықтық диктантқа мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме, білім, денсаулық, спорт, мектеп, балабақша

қызметкерлері, жалпы 7500-ге жуық адам қамтылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы «Қазақстан Республикасының тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында ауданда 415 мемлекеттік қызметшілер мен түрлі бюджеттік сала өкілдері «ҚАЗТЕСТ» байқау сынағын тапсырды.

Жастар саясаты

Аудан бойынша 2018 жылы 14-29 жас аралығындағы жастарға талдау жасалды. Дерекқор бойынша ауданда 13162 жас бар.

Оның ішінде 7055 ер, 6107 қыз азаматшалар, жұмыспен қамтылғандар- 557, «жастар практикасы» бойынша – 133, жұмыссыздар 226, мүгедектер - 430 (1,2,3 топ, мүгедек балалар),

Ұлттық құрамы: қазақтар 13118, орыстар 32, өзбектер 7, татарлар 5

Отбасын құрған жастар саны-185, неке бұзған жастар саны-4, құрылыс нысандарына тартылғандар-5. Барлық ауыл округтердің көрсеткіштері арнайы жасалған слайдтан көрсеңіздер болады.

Аудан жастары арасында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы бойынша кездесу жиындары тұрақты түрде өткізіліп отырады.Атап айтар болсақ «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050», «Жастар практикасы-2020» «Жасыл ел» атты мемлекеттік бағдарламасын аудандық білім бөлімінің, экономика және қаржы бөлімінің, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторларынан құрылған топ барлық ауыл округінде кездесу-түсіндіру жиынын өткізді.

Нәтижесінде:

  • «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша- 2018 жылы 20 жас аталған бағдарлама қатыстырылып, 13 жас 168,0 мың теңге шамасында көтерме жәрдем ақымен қамтылса, 7 жас 3 млн 600 мың теңге көлемінде бюджеттік кредитпен алған.
  • «Серпін - 2050» бағдарламасы бойынша- 2018 жылы 38 жас түлек аталған бағдарламамен қамтылып отыр.
  • «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша- 2018 жылдың желтоқсан айына дейін, 133 жас қамтылған.
  • «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасына- 2018 жылы 63 жас қамтылды.

Спорт саласы

Аудан бойынша халықтың дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуына 157 спорт ғимараттары мен алаңшаларда 15128 адам спортпен тұрақты түрде айналысып, халық санына шаққанда 28,1% құрады.

2018 жылы ауданда спорттың 21 түрінен 312 спорттық іс-шара өткізіліп 32901 адам қатысты. Халықаралық дәрежедегі 1 спорт шебері, Қазақстан Республикасының 2 спорт шебері және 3 спорт шеберіне үміткер дайындалды. Есепті кезеңде екі спорт кешені мен бір бокс залы іске қосылды.(демеуші арқылы 1 бокс залы Аққұм ауылы, Ақтөбе ауылынан 1 спорт кешені)

Сыйымдылығы 210 орынды Шәуілдір ауылындағы спорт кешенінің құрылысы 2017 жылы басталып 2018 жылғы желтоқсан айында Тәуелсіздік мерекесіне орай пайдалануға берілді.

Денсаулық саласы

Ауданымызда денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлінуде. Аудан тұрғындарына жалпы 38 емдеу-профилактикалық мекеме қызмет көрсетеді. 2018 жылы емдеу мекемелері 4 жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 терапевт, 3 қоғамдық денсаулық сақтау мамандарымен толықты.

2018 жылы ауданымызда тырысқақ, іш сүзегі, сіреспе, паратиф, безгек, күйдіргі, көкжөтел, сал тіркелмеген. 1167 нәресте дүниеге келіп, былтырғы жылмен салыстырғанда нәресте туу көрсеткіші 9 балаға азайған, 2 нәресте өліміне көбейген. Ана өлімі тіркелмеген.

Маңызды әлеуметтік проблемалардың бірі туберкулез ауруы болып табылады. Есепті мерзімде туберкулез сырқаттанушылық өткен жылмен салыстырғанда 25 болып 2 адамға азайған, онкологиядан өлім көрсеткіші 23 болып 1 жағдайға азайған.

2018 жылы Ызакөл, Қостүйін, Сырдария, Сулыкесек медициналық тіректерінің құрылысы салынған. 2019 жылға жоспарланған құрылыс саласы Аққұм ДЕ , Талапты ФАП, ФАП Шытты, ФАП Көлқұдық , Жармұханбет медициналық тірегі АПЗ құжаттары дайындалып облыстық денсаулық сақтау басөармасына өткізілген.

Құқық қорғау саласы

Қаралып отырған мерзімде аудан көлемінде барлық бағыт бойынша тіркелген қылмыстар өткен жылғы осы мерзім ішімен салыстырғанда 11,8 пайызға, яғни 195-тен 218-ге өскен, жүргізілген жедел іздестіру шараларының барысында ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу көрсеткіштері өткен жылғы осы мерзім ішімен салыстырғанда 10,0 пайызға жоғарылаған.

2018 жылдың 12 айында өткен жылғы осы уақыт аралығымен салыстырғанда қоғамдық орындарда болған, бұрын сотты болғандармен жасалынған, мас халде жасалған, көшелерде болған топпен жасалынған, жасөспірімдермен жасалған қылмыстардың саны жалпы төмендеген. Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылып, 34 бейне бақылау камералары жұмыс атқаруда

Есепті кезеңде аудан аумағында жедел жағдайды тұрақты деңгейде ұстау және қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірнеше жедел алдын-алу профилактикалық іс шаралар ұйымдастырылды.

Ұсыныс-пікірлердің орындалуы

Өткен жылы тұрғындармен есептік кездесулерде 75 ұсыныс-пікірлер айтылған болатын. Олардың басым бөлігі ауылдың ішкі жолдарын жөндеу мен жарықтандыру, ауыл шаруашылығы және денсаулық саласы бойынша мәселелер. Қазіргі таңға оның 31-і мерзімінде түсіндіріліп, 21-і орындалса, қалған 23 ұсыныстардың маңыздылығын, күрделілігін ескеріп, оларды 2019 жылы орындау жоспарланған.

Азаматтардың өтініштерін қарау туралы.

Аудан әкімі аппаратына 2018 жылы 571 өтініш тіркелген, жеке тұлғадан 478, заңды тұлғадан 93 өтініш.

Оның ішінде: жер туралы 421, тұрғын үй мәселесі бойынша 42 (жаңа 4 қызметтік тұрғын үйдің құрылысының әсересі), жұмысқа орналастыру 3, әлеуметтік көмек алу 20, ал әр түрлі мәселе бойынша 85. Тіркелген өтішінтер мерзімінде қаралып, тиісті жауабы берілуде.

Азаматтарды жеке қабылдау бойынша аудан әкімі 21 рет өткізіліп, 114 азаматтарды қабылдады. 51 өтініштер мерзімінде орындалса, 46 өтініштерге түсіндірме хат жолданып, 17 азаматтарға қабылдау барысында тиісті ақпарат беріліп түсіндірілген.

Аудан әкімінің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы тұрақты жұмыс жасап, тұрғындармен тығыз қарым-қатыныас орнатылған. Жеке парақшасына 11 сауал түсіп, оның 4 қанағандырылса, 7 сауал иесіне түсіндірме ақпарат жолданған.

Back to Top