Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

БАРЫМЫЗДЫ БАҒАЛАУ – БОЛАШАҚТЫ БАҒАМДАУ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың облыс тұрғындары алдында 2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы есеп беру кездесуі өтті.

Кездесуде өңір басшысы өткен жылы атқарлыған жұмыстарды арнайы дайындалған слайдтар арқылы даму көрсеткіштерін баяндап, облыстың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына тоқталды.

Биылғы жоспарланған жұмыстардың ауқымды екенін айта келе, облыс басшысы аймаққа инвестиция тарту жөнінде көптеген шаралар іске асырылғанын атап өтті. Осы уақытқа дейін 14 шетелдік елшілер және ірі кәсіп иелерімен іскерлік кездесулер өткізген. Оңтүстік Қазақстан инвестиция салушылар үшін ауа райы мен бизнестерін дамытуға қолайлы мүмкіндіктер жасалған өңір болып табылады. Өңір басшысы осы мақсатта әрдайым әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетіндігіне сендірді.

Есепті кездесуде барлық аудан, қала тұрғындарынан ауызша, жазбаша сауалдар түсіп, оларға облыс әкімі тұшымды жауап беріп, қалған сұрақ иелеріне жазбаша жауап жолданатындығын айтты. Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова өңір басшысына «Жақсы күннің жарығын жаз келгенде білерсің, Жақсы әкімнің қадірін газ келгенде білерсің» деп, отырарлық қыз-келіншектердің атынан өтініш-назын жеткізді. Облыс әкімі Отырар ауданы тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету басты назарында екенін айтып, жауап берді.

Облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың есепті баяндамасына отырарлықтар оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Back to Top