Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ОТЫРАРДЫҢ ТҮЛЕП ҰШҚАН ТҮЛЕКТЕРІ БАС ҚОСТЫ

Бүгін аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен «Отырардың түлеп ұшқан түлектері» атты акция болып өтті. Шараның басты мақсаты - мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті нығайту, кәсіпкерлікке барлық жағдайларды жасай отырып, оларды ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу мүмкіндіктіне жол ашу. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған отырарлық кәсіпкер азаматтар бағдарламаға сәйкес алдымен «Арыстан баб» кесенесіне зиярат етіп, қабірстанда жатқан ата-бабаларына Құрман бағыштап, шара өтетін орынға бағыт алды. Акцияға келген киелі мекеннің тумалары мен өзге де қонақтар алдында аудан әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы арнайы баяндама жасады.

Аудан басшысы өз сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы мемлекеттік жекеменшік әріптестік пен кәсіпкерлікті қолдап, дамыту мәселелерін айтып, осы мақсатта қолға алынатын шаралармен жиналған көпшілікті таныстырды.

Сондай-ақ, бұл шара өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың қолға алып отырған бастаманың жалғасы екенін атап өтті.

«Ауылы бірдің анты бір», «Ауылын көріп азаматын таны», «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару» деп бай орамда қара сөзді баяндама жасаған Ерлан Айтаханов ауданның кәсіпкерлік саласына кеңінен тоқталып, халық үшін жағдай жасап, «Бай болсаң пайдаң тисін» деген даналықты ту еткен бір топ кәсіпкерлерді атап, оларға алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, биылдан бастап қолға алынатын жобалар мен кәсіпкерлерге жасалатын жағдайлар, инвестициялық тартымдылық туралы мәселелер әкім баяндамасынан тыс қалмады.

Шараға Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Тараз, Қызылорда, Өскемен секілді республикамыздың аймақтарынан келген кәсіпкерлер акцияға қолдау білдіріп, елге деген ыстық ықыластарын төкті.

Мазмұны мен мәні зор алқалы бас қосу аудандық өнерпаздармен бірге облыс, республикаға белгілі өнер жұлдыздарының ән шашуымен жалғасты.

Back to Top