Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС

Әлемді шарпыған коронавирус індеті адамзатты біраз әбігерге түсірді. Жаһанға қатер төндірген қауіпті дертпен күресу барлық мемлекет үшін де оңайға түсіп жатқан жоқ. Осындай қиын сәттерде басын қатерге тігіп коронавируспен ауырып жатқан науқастарды емдейтін дәрігерлердің еңбегі орасан. Сондықтан вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай қызмет етіп жатқан ақ халатты абзал жандарға қандай құрмет көрсетсек те жарасары анық.

Бүгін ауданымыздың жаны жомарт кәсіпкерлерінің демеушілігімен «Біз Біргеміз» акциясы аясында аудандық орталық аурухананың оңалту орталығына заманауи үлгідегі теледидар табыс етілді. Жанына ем іздеген жандарға қайта аяққа тұруға көмек беретін орталыққа арнайы барған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Құрман мен кәсіпкер Б.Әлмахан абзал жандардың өлшеусіз еңберіне алғыстарын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Орталықта дәрігер реабилитолог, невропатолог, логопед, физиотерапевт, жаттығулар терапевті, массажист сынды білікті мамандар жұмыс істейді.

Дәрігерлер өз кезегінде ауданымыздың қолы ашық кәсіпкерлеріне шынайы ризашылықтарын білдіріп, қашанда халық игілігі үшін қызмет етуге дайын екендіктерін жеткізді.

Back to Top