Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Ауданда COVID-19 індетінің таралуына қарсы залалсыздандыру жұмыстары мен блок бекеттерде тексеру жұмыстары күшейтілді. Аталған шаралар өңірімізде коронавирустың таралу қауіпіне дайын болу мақсатында жүргізілуде.

Аудан әкімі, аудандық төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия төрағасы Әбдіғали Жүнісовтің тапсырмасына сәйкес аудан аумағындағы, ауылдық округтердегі адам көп жүретін қоғамдық орындар мен көшелерде, автобекеттер мен балабақшалардың ғимараттарында коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Бүгін Мыңшұқыр елдімекеніндегі көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік орындары залалсыздандырылды.

Сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындары мен азық-түлік дүкендері, дәріханаларға аудан әкімдігі тарапынан құрылған арнайы комиссия қатаң бақылауға алған.

Back to Top