Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ОЙ САНАНЫҢ КЕМЕЛДЕНУІ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов арнайы брифинг өткізіп, брифингте ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру аясында 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Жиынға «Түркістан медиа холдинг» ЖШС «Рухани жаңғыру» бағдарламасын наихаттау және іске асыру бөлімінің менеджерлері Гүлжан Серікқызы мен Гүлнұр Бейсенқызы, аудандағы мекемелер мен бөлімдердің осы салаға жауапты мамандары және БАҚ өкілдері қатысты. Елбасымыз отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтып, болашаққа деген тарихи шешімін қабылдаған болатын. Қоғамда жаңа рухани дәстүр қалыптастырып, қазақстандықтардың ыстық ықыласы мен қызу қолдауына ие болған стратегиялық құжат әрбір азаматқа міндеттер мен мақсаттар жүктегені белгілі. Пердехан Абайұлының айтуынша бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру мақсатында Отырар ауданында жүйелі жұмыстар жоспарланып, жүргізілуде. Киелі мекеннің тылсым тарихын стратегиялық бағдарламамен байланыстырған аудан ағымдағы жылы біршама жетістіктерге қол жеткізді. Мәселен, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ауданымызда демеушілер есебінен Шәуілдір ауылындағы «Нұр-Асыл» финтес клубы мен «Лесбек» спорт кешені бой көтеріп, көксарайлық кәсіпкер Е.Есенгелдіұлының демеушілігімен аз қамтылған екі отбасыға тұрғын үй алып берді. Сондай-ақ, 11 отбасыға қаржылай көмектер, 671 отбасыға тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар іске асты. Жыл басынан бері Отырар ауданы бойынша «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» «Атамекен» кіші бағдарламасының аз қамтамасыз етілген отбасыларға және жетім-жесір балаларға бюджет және демеушілер есебінен көмек көрсету жолға қойылды. Атап айтқанда, жаны жомарт кәсіпкер азаматтар аз қамтылған 682 отбасыға қатты отын (көмір) және қураған тамызық отын түсіріп берді. Сонымен қатар Отырардан түлеп ұшқан кәсіпкер өз қаржысына аз қамтылған 2 отбасыға сый ретінде тұрғын үй әперіп, тарту етті. Сондай-ақ, аудан әкімдігі тарапынан көтерілген бастамаға қолдау көрсеткен аудан кәсіпкерлері әлеуметтік жағынан 21 аз қамтылған көпбалалы отбасылардың тұрғын үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді. Бағдарламаның «Жергілікті туризм» жобасы аясында Отырар ауданына 2019 жылы ауданымызға келуші жалпы туристтер саны 466 544 болса, оның ішінде шет елдік туристердің саны 12 000 адам. 2018 жылдың қорытындысымен салыстырғанда ауданымызға келуші туристер саны 62 126 адамға артып отыр. Туған жердің тарихынан сыр шертетін «Отырар», «Көне құмыраның сыры» атты анимациялық фильмдері түсіріліп, өткен жылдың наурыз-сәуір айларында «Балапан» арнасының эфирінен ұсынылып, көрермендеріне жол тартты. Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов өзге де толағай табыстар мен қол жеткен жетістіктер баяндап, жоспарлармен бөлісті. Жиын барысында сөз алған менеджерлер облыс көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндай келе, көпшілік тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді.

Back to Top