Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАН ӘКІМІ МАЯҚҰМДА ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін аудан әкімі өзінің халық алдындағы кезекті есеп беру жиынын Маяқұм ауыл округінде жалғастырды.

Аудан әкімінің өткен жылы атқарған жұмыстарының жергілікті баспасөзден және кездесу барысында арнайы дайындалған бейнесюжеттен қаныққан ауыл тұрғындарына аудан басшысы Әбдіғали Жүнісов 2020 жылы ауданымызда және Маяқұм ауыл округінде атқарылатын ауқымды істер жөнінде баян етті.

Ағымдағы жылы Маяқұм ауыл округінде ағын су, электр жүйелерінің құрылыстары, жол салу, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Сондай-ақ, биыл 1150 жылдығын атап өткелі отырған әлем таныған ұлы ғалымның туған жері – «Оқсыз» қалажұртының айналасын абаттандыру арқылы туристерді тартуға болатынын және осы бағытта біршама жұмыстар толық қолға алынғанын айтып өтті.

Жиын барысында сөз алған ауыл қариялары мен зиялы қауым өкілдері өткен жыл да маяқұмдықтар үшін ерекше табысты жыл болғандығын айтып, алдағы жылдары да ауқымды жұмыстар атқарылатынына сенім білдірді.

Ауыл тұрғындары аудан әкіміне «өте жақсы» деген баға беріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Back to Top