Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАН ӘКІМІ БАЛТАКӨЛДІКТЕРГЕ ЕСЕП БЕРДІ

Аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов аудан тұрғындарына есеп беру жиынын Балтакөл ауыл округінен бастады.

Аудан әкімінің 2019 жылы атқарған есебін ауыл округінің тұрғындары арнайы әзірленген бейнесюджет арқылы тамашалап, танысты.

Аудан орталығынан ең шалғай орналасқан Балтакөл ауылында өткен жылы біршама игілікті істер атқарылды. Бұрыннан тары-талқанымен, балдай тәтті қауын-қарбызымен танымал Балтакөлде өндірілген ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін 4 кіші тары цехтары жұмыс істейді. Бүгінде аталған кіші өндіріс орындарының иелері өңделген өнімдерін (тары, талқан және қауын қақ, қауын құрт) «Отырар» белгісімен аудан, облыс, республика көлемінде таратуда.

Сондай-ақ, алты балтакөлдік шаруалар лизингке ауылшаруашылығы техникаларын алып, нәтижелі жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар Тәукебай, Е.Қалмырзаев көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар толығымен аяқталса, төртінші деңгейлі жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті арқылы Ә.Сандыбаев, З.Ботабекова көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, М.Арысов көшесіне жарықшамдар орнатылды. Ал, Қ.Әділбеков көшесіне демеушілер есебінен жарықшамдар орнатылып, бүгінде ауыл тұрғындары аталған жұмыстардың игілігін көруде.

Алдағы 2020 жыл да балтакөлдік ағайындар үшін берекелі жыл болмақ. Жиында аудан әкімі биыл атқарылатын жұмыстар туралы баяндап, ауыл тұрғындарының көңіл-күйін бір серпілтіп тастады.

Жиын барысында көпшілік тарапынан туындаған сауалдарға нақты жауаптар берген аудан әкімінің атқарған жұмыстарына балтакөлдіктер көңілі толатындықтарын айтып, «өте жақсы» деген бағасын берді.

Back to Top