Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ІЗГІ ҮМІТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫҚ ЖАҢА ЖЫЛДЫ - 02

Міне, күнтізбеде 365 күн болып бедерленген 2019 жылды да тарих еншісіне тапсырып, жаңа 2020 жылға ізгі ниетті үміттермен қадам басып отырмыз. Саналардан еш уақытта сөнбейтін асқақ арман - тілектер мен мұратты мақсаттарды жандарына серік еткен аудан халқы жаңа жыл мерекесін жылдағы берік қалыптасқан дәстүрлері бойынша көтеріңкі, қуанышты көңіл-күймен қарсы алды. Өткен 2019 жылға еш өкпеміз жоқ. Жеткен жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз, еншілеген табыстарымыз бен алған асуларымыз аз емес десек солардың барлығы дерлік ақпарат айдынында жарияланып, мыңдаған жанашыр оқырмандарынан сүйінші сұрағандай болып дер кезінде жетіп жатты. Жағымды жаңалықтардың жаршысындай болып жүйелі жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатқан мұндай істердің алдағы уақыттарда да жалғасын таба беретіні даусыз.

Сонымен, кеуделерін мерекелік көтеріңкі көңіл-күй кернеген жұртшылық орталық алаңға көптеп жиналды. Әсем безендірілген жасыл шыршаның маңында аудан өнерпаздарының әуелете ән шырқаулары мерекенің ажарын аша түсті. Алаңға шыққан Аяз ата мен Ақшақарды мерекеге жиналған жұртшылық қуана қарсы алды.

Жаңа жылдық салтанатта аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов сөз алып, өткен 2019 жылы ауданымызда атқарылған көптеген ауқымды жұмыстарды, жеткен жетістіктерді тілге тиек етіп, жиналған қауымды жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтап, әрбір отбасыға құт-береке, ырыс-несібе тілеген ізгі ниеттерін білдірді.

Жомарт жандардың демеушілігімен ұсынылған мерекелік отшашу көпшіліктің көңілінен шықты.

Back to Top