Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

СОҢЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРАҒА ҰЛАСҚАН СЕССИЯ

Бүгін депутат Төре Ақжігіттің төрағалығымен алтыншы шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде Отырар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №34/168-VІ «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және Шілік ауыл округіне қарасты Ескі Шілік елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге тарихи атау беру туралы екі мәселе қаралды.

Сессияда аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Бейсенова хабарлама жасап, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды саралап шықты. Аталған мәселе бойынша тұрақты комиссияның отырысында баяндалып, жан-жақты талқыланғандықтан депутаттар бірауыздан қолдап, шешім қабылдады.

Сессия жұмысы Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына арналған мерекелік шараға ұласып, шарада аудан басшысы халық қалаулыларын еліміздің қастерлі мерекесі Тәуелсіздік күні және Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығы мерекелерімен құттықтап, халқына, еліне арнаған өлшеусіз еңбектеріне толағай табыстар тіледі.

Аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов баяндама жасап, аудандық мәслихаттың экономикалық және әлеуметтік мәселелерде дұрыс шешім қабылдауға әрдайым үн қосып келе жатқандығын атап өтті.

Жиын барысында мәслихат депутаттары мен аппараты қызметкерлеріне және бөлім басшыларына мерекелік медалдар табысталды.

Back to Top