Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Жиынды кеңес төрағасы А.Асан ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде ауданымыздағы 9 ай көлеміндегі денсаулық сақтау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы жан-жақты талқыланды. Аудандық орталық емхана бас дәрігерінің орынбасары Сәлима Оразбай баяндама жасады. Заман ағымына сай ауданымыздың медицина саласы да даму өркендеу үстінде. Баяндамашы өз сөзінде медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеру, тәжірибесін шыңдау мақсатында медициналық орталықтар мен жоғары оқу орындарында арнайы келісімге сәйкес кәсіптік біліктіктерін арттырып жатқандығын атап өтті.

Сондай-ақ жас нәрестелер арасындағы өлім-жітім төмендеп, тубуркулез ауруымен ауыратындар санының азайғандығын сөз етті. Десек те бас дәрігердің орынбасары онкологиялық аурудың өршіп тұрғанын айта келіп, бұл бағытта біршама тиісті жұмыстардың атқарылып жатқандығын атап өтті. Жиында қоғамдық кеңес мүшелері С.Қыдыр, М.Белгібай, С.Ақыловтар портал мәселесіне көпшіліктің көңілі толмайтындығын, ауылдардағы жедел-жәрдем көліктерінің ескі екендігін баса айтып, емхана айналасын көгалдандыру жөнінде орынды ұсыныстарын ортаға салды. Кеңес мүшелері тарапынан айтылған сын-ескертпелерді растаған С.Оразбай алдағы уақыттарда жұмыс барысында басшылыққа алып, тиісті қорытынды шығатындығына сендірді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Ә.Жүнісов қоғамдық кеңес мүшелері көтерген өзекті мәселелердің өз бақылауында болатындығын баса айтып, денсаулық сақтау саласына қатысты өз ойларын да ортаға салды.

Back to Top