Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

Бүгін ауданымызда «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының кезектен тыс ХХХХ конференциясы өтті. Конференцияға «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалыима Жантөреева, аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов, «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман, аудандық мәслихаттың хатшысы Мырзахан Манапов, бастауыш партия төрағалары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары , ардагерлер кеңесінің өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, Саяси кеңес мүшелері мен партия мүшелері қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалына төраға сайлау, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан Халқына Жолдауын талдау және насихаттау, аудандық филиалдың саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу секілді үш мәселе қаралды. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Жантөреева, партияның аудандық филиалының төрағалығына аудан әкімі Ә.Жүнісовті ұсынды. Конференцияға қатысушылар аудан басшысының кандидатурасын бірауыздан қолдап, Әбдіғали Айтжанұлы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының төрағасы болып сайланды.

Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов Президентіміз Қ.Тоқаевтың«Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан Халқына Жолдауы жөнінде арнайы баяндама жасады. Партияның аудандық филиалының консультанты Сейітнәсір Сейілбек партияның саяси кеңесі мен бюро мүшелерінің құрамындағы өзгерістерге байланысты хабарлама жасады. Нәтижесінде бірқатар кеңес, бюро мүшелері қайта сайланды. Конференция соңында жиында көтерілген мәселелерге орай арнайы Қаулы қабылдады.

Back to Top