Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

БІЛІМДІ ЖАСТАР КЕМЕЛ ЕЛДІҢ КЕЛЕШЕГІ

Білім адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Біліммен ғана басқалардан озады. Ұлы суреткер жазушымыз М.Әуезов: «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім»,-деп тегін айтпаса керек. 2019 жылы ауданымыздағы білім беретін 40 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, 12032 оқушы алтын ұясындағы білімін жетілдіреді. Биылғы оқу жылында 1400 оқушы 1-ші сыныпқа қабылданып, мектеп табалдырығын аттағалы отыр.

Осыған орай Отырар аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Білімге бастар жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аталған шараға аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов арнайы қатысып, оқушыларды алда келе жатқан білім күнімен кұттықтады.

Акция аясында білімге, өнерге құштар, ізденімпаз 30-ға жуық оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмкелер табысталды. Шара барысында оқушылар мен олардың ата-аналарына арнайы дастархан жайылып, аудан өнерпаздарының әсем әндері тарту етілді. Акцияға ауданымыздың белсенді, жаны жомарт жастары мен кәсіпкерлері атсалысып, қайырымдылық жасағанын да айта кеткеніміз жөн.

Қазір білімдінің заманы. Білімді жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Бүгінгі жас дарынды ұрпақ – ертеңгі мемлекет тұтқасын ұстар парасат иесі. Сондықтан дарынды шәкірттеріміз ел келешегі үшін қызмет етеді деген сенімдеміз.

Back to Top