Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес, халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі 2020 жылға 80 пайыз болуы қажет»,-деп ерекше атап өткен болатын. Шындығында әлем елдері бізден әлдеқашан уақыт бұрын онлайн жүйеге көшіп, оның тиімділігін көріп жатыр. Осыған орай әлемдік көштен қалмай мемлекетімізде де онлайн жүйені дамытудың басым бағыттарын көрсететін "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынуда. Аталған бағдарламаның іс-шаралар жоспарына сай «Халыққа базалық цифрлық дағдыларды оқыту курстарын өткізу, кадрларды қайта даярлау» бағытының 88-тармағын орындау мақсатында 2019 жылы аудан халқының цифрлық сауаттылығын 79 пайыз межесіне жеткізу жоспарланған болатын.

Осы бағытта 1-19 тамыз аралығында базалық цифрлық дағдылар, ашық үкімет, POST.KZ онлайн қызметтерінің гипермаркеті және электрондық сауда, электрондық үкімет және электрондық қызметтер, ақпараттақ қауіпсіздік қызметтері секілді бес бағыт бойынша цифрлық сауаттылықты арттыру курстары өткізілуде. Оқыту курстары тегін жүргізілуде. Бүгінде Балтакөл, Маяқұм ауылдары мен Қостерек елдімекенінде курс дәрістері өтіп, халық электронды қызметтерді пайдаланудың мүмкіндіктері мен тиімділігі жайында мағлұматтарға қанықты.

Жалпы цифрлық сауаттылықты арттыру - ғаламтормен жұмыс істеу, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға, онлайн режимде тауарларды сату, сатып алу қызметтерін көрсетуге, мемлекеттік органдардың ашық деректерін тауып, өз жұмысыңызда қолдануға мүмкіндік береді.

Back to Top