Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АРЫСТА ӨТКЕН ЖӘРМЕҢКЕ

Бүгін Арыс қаласында облыс әкімдігінің қолдауымен «Арыс, біз біргеміз!» атты ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Өңіріміздегі барлық аудан, қалалардан арыстық ағайындар үшін қажеттілігі жоғары ауыл шаруашылық өнімдері әкелініп, нарықтан 30 пайыз төмен бағада саудаланды.
Арыс төріндегі жәрмеңкеге отырарлықтар да өз үлесін қосып, ауданымызда өндірілген өнімдерді ұсынды. Атап айтқанда, аудан еңбеккерлері 5 тонна жылқы етін, 1 тонна қой етін, 5 тонна қымыран, 0,5 тонна тары, 0,5 тонна тары талқанын нарыққа шығарылды.
Шаруалар ұсынған табиғи өнімдерді жоғары бағалаған тұтынушылар алғыс сезімдерін білдіріп, ұйымдастырушыларға жеткізіп жатты.
Жәрмеңке соңы облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, Арыс аспанында әуелеген әндер шырқалды.

Back to Top