Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖӘНЕ ПОЛИЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін Отырар ауданында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер және полиция күні мерекелері салтанатты жағдайда аталып өтті. Қос мерекеде аудан әкімі Ерлан Айтаханов жүрекжарды лебіздерін білдіріп, осынау қиын да жауапты салада еселі еңбек етіп жүрген жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан жандарға құрмет көрсетті.
Аудан басшысы құттықтау сөзінде: «Қадірлі мемлекеттік қызметшілер, әріптестер! Құрметті полиция қызметкерлері! Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнімен және Полиция күніне 27 жыл толу кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Мемлекет атқаратын міндеттері мен мақсаттарын тәжірибеде жеке құрамның, мемлекет қарамағындағы мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің нақты іс-шараларының арқасында іске асырады. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу - жауапты міндет. Өйткені, мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін! Әрқашан халықтың сенімін ақтай беріңіздер!»-деген ізгі тілегін білдірді
Мұнан соң аудан әкімі лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және мінсіз мемлекеттік қызметі мен жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін бір топ мемлекеттік қызметшілер мен ел тыныштығы сақтауда сүбелі еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерін марапаттады.
Елдегі әлеуметтік - экономикалық, қоғамдық - саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты десек, осы бағытта еңбек етіп келе жатқан полиция қызметкерлерінің де әр күні ерліктерге толы болып келеді. Оған жерлесіміз Рахымжан Ниязбекұлын мысалға келтірсек болады. Ол қызды суға ағып бара жатқан жерінен құтқарып қалды.
Аудан әкімі Е.Айтаханов мерекелік шарада Рахымжан Ниязбекұлының ерлігін бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге деп бағалап, бейбіт күннің батырына ерекше құрмет көрсетті.
Одан әрі салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, шараға қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Back to Top