Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық екінші сессиясы өтті

Бүгін алтыншы шақырылған Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясы өтіп, оның жұмысын сессия төрағасы, депутат Б.Байтұрсын ашып, жүргізіп отырды.
Сессияның күн тәртібіне Отырар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №34/168-VI "2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе енгізіліп, депутат Ә.Құртаев жетекшілік ететін аудандық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында халық қалаулыларының зор белсенділік танытуларымен жан-жақты талқыланды. Бұл мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Бейсенованың хабарламасы тыңдалса, аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісовте қаралған мәселеге байланысты өз пікірлерін ортаға салып отырды. Күн тәртібіндегі мәселе әбден пысықталып алғандықтан депутаттар форумы онша ұзаққа созылмай, тұрақты комиссияда қабылданған шешім қабылданды.
Сессияға қатысқан аудан әкімі Е.Айтаханов ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарға біршама тоқталып, халық қалаулыларына бірауыздан қолдау білдіргендері үшін ризашылығын білдірді.

Back to Top