Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ОТЫРАР ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА ҚОЛАЙЛЫ АЙМАҚ

Бұл туралы туризмді дамыту бағытындағы тиісті жұмыстармен танысу үшін Түркістан облысына арнайы келген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сөз етті. Жұмыс сапарын Отырар ауданынан бастаған Мәртебелі мейманды аудан әкімі Ерлан Айтаханов күтіп алып, Арыстанбаб кесенесі мен Отырар қалажұрты маңындағы абаттандыру жұмыстары және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен салынып жатқан Сапар орталығының құрылысымен таныстырды.
Арыстанбек Мұхамедиұлы алдымен Отырартөбе аумағындағы қайта қалпына келтіру жұмыстарын пысықтады. Аралау барысында министр белгілі Түрік киносы «Ертұғрұл» фильмінің режиссері Metin Gunay мырзамен кездесіп, қазақ киносының жаңалықтарымен бөлісті. Айта кету керек, бауырлас елден келген режиссер жақын арада жарыққа шыққалы жатқан қазақ киносының жаңа туындысы «Қасым хан» көпсериялы фильмін қолға алған. Кино сюжетінің көп бөлігі негізінен Түркістан облысындағы тарихи орындарда түсіріледі деп күтілуде. Министр режиссерге қазақ халқының тамыры тереңнен сыр шертетін тарихын әлемге осы кино арқылы паш ететініне сенім білдірді.
Мұнан соң Министр ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрінің қолдауымен салынып жатқан Отырар қалажұрты сапар орталығының құрылыс жұмыстарын көріп, мақалада атап көрсетілген тапсырмалардың киелі Отырар өңіріндегі орындалу барысы жөнінде БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Жалпы ауданымыздағы Сапар орталығын салудағы басты мақсат Отырар оазисінің мәдени мұрасын еліміз бен шет елдерде насихаттау, Отырар қорық-музейінің территориясында орналасқан тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар, туризм саласының заманауи талаптарына сай туристік орталық қалыптастыру болып табылады. Елбасымыз өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын – үйлері мен көшелерін, қоғамдық орындарын, су құбырларын, қала қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына келтіретін туристік жоба да қызықты болмақ. Осының негізінде білімді дәріптеуге және туризмді дамытуға баса мән берілуі қажет», - деп ерекше атап өткен болатын. Осының негізінде салынып жатқан нысан министрлік тарапынан Отырар ауданындағы туризмді дамыту бағытында жасалған ауқымды істердің бастауы болмақ. Алдағы уақытта жергілікті әдімдік тарапынан да абабаттандыру жұмыстары жүргізіліп, екіжақты шаралардың нәтижесінде Отырарда заманауи туризм кластері қалыптасады деп күтілуде. Бұл туралы Арыстанбаб және Отырартөбе қалажұрты маңындағы абаттандыру жұмыстарының жобасымен таныстырған аудан басшысы Ерлан Қуанышұлы игілікті істің түпкі мақсатына жан-жақты тоқталып өтті. Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының тікелей қолдауымен ауданымыздағы туристік маршрут бойына абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, аяқ жол мен вело жолдар, скверлер мен саябақтар және ойын алаңдарын салынатындығын ерекше атап өтті.
Батырлық пен қайсарлықтың жарқын үлгісі болған Отырар төбедегі археологиялық, туристік нысандармен жан-жақты танысқан Арыстанбек Мұхамедиұлы Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасап, одан әрі облыс орталығы Түркістан қаласына аттанып кетті.

Back to Top