Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ҰЛЫ ДАЛА ІЗІМЕН

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында еліміз бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Оңтүстік өңірінде кесте бойынша өтіп жатқан «Ұлы даланың ізімен» жобасы сөзіміздің нақты дәлеліндей.
Бүгін ауданымызға арнайы келген топ мүшелері отырарлықтармен әсерлі кездесу өткізді. Жиында аудан әкімі Ерлан Айтаханов сөз алып, осы бағытта ерен еңбек етіп жүрген азаматтарға ақ тілегін жеткізді.
«Бүгінгі көрсетілгелі отырған екі фильм де ұлт тарихынан терең мағлұмат беретін, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулитын, туған жердің патриоты етіп тәрбиелейтін өте мағыналы дүниелер. Кино өнері барлық өнердің ішіндегі ең маңыздысы екенін талай данышпандар атап айтып кеткен. Өйткені кино өнерінің құдіреті күшті. Бір мезгілде көзбен көріп, құлақпен есту көрерменді баурап алады.
Ұсынылып отырған «Ордабасы – бірліктің туы» анимациялық фильмі дұшпандарына тойтарыс беруі үшін қазақ халқының ұлт болып ұйысып, бірігуінің нәтижесінде ел болып қалғанын керемет көрсете білген.
Ал, «Оқсыз оқиғасы» фильмінде одан әрі тарих тереңіне үңіледі. Әлемге әйгілі Әбу Нәсір әл-Фарабидей ғұламаны сыйға тартқан ортағасырлық Оқсыз қаласының даңқы ғұламаларымен, батырларымен, ғалымдарымен сол заманда шартарапқа жайылған. Жас жеткіншектерді ғылымға бейімдеу, елін қалтқысыз сүюге қалыптастыратын өте түсінікті дүние болып шыққан Сіздерге зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілеймін»,- деді аудан басшысы.
Екі фильмді тамашалаған көрермендер шығармашылық топқа алғыстарын білдіріп, зор әсермен тарасты.

Back to Top