Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ

Бүгін ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Берік Оспанов пен комитет мүшелері Б.Жылқышиев, Ж.Дүйсебаев, Е.Барлыбаев, Н.Әлтаев, А.Ералиев, С.Звольский, М.Теміржан және ҚР Ауыл шаруашылық вице-министрі Е.Нысанбаев, Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры А.Сұлтановтар арнайы келді. Мәртебелі меймандарды аудан әкімі Ерлан Айтаханов күтіп алды.
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіндегі киелі жерімізден сыр шертетін құнды жәдігерлермен танысқан халық қалаулылары күрделі жөндеуден өтіп, заманауи үлгіде қайта жабдықталған музейдің естеліктер кітабына жылы лебіздерін білдірген қонақтар сапарларын Арыстанбаб кесенесінде жалғастырды. Әруақтарға арнап арнайы құрбандық шалған Мәжіліс депутаттары әл-Фараби, Сұлтан Бейбарыс бабаларымыздың зираттарынан топырағы әкелініп қойылған мемориалды кешенін аралап, Арыстанбаб бабамызға зиярат етіп, бабалар рухына Құран бағыштады.
Халық қалаулыларына Арыстанбаб кесенесі маңында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының барысымен таныстырған аудан әкімі қонақтардың алдағы сапарларына сәттілік тіледі.

Back to Top