Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ӨЗ ҮЙІМ-ӨЛЕҢ ТӨСЕГІМ

"Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар, аз қамтылған отбасыларға пәтер сатып алудың қолжетімділігін арттыруды тапсырды.

Елбасымыз өз сөзінде: «Бұл санаттағы азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй беру жеңілдіктері тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаражат қажет болады және оған жыл сайын 50 млрд теңге бөлуді тапсырамын»,- деді.

Ия, расында да , «Өз үйім-өлең төсегім» деп халқымыз бекер айтпаған ғой. Елімізде көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар, аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету ең дұрыс таңдалған шешім дер едім. Егер осы бағыттар жүзеге асып жатса көптеген отбасында үлкен қуаныштар орын алар еді.

Расында мемлекет тарапынан осындай қолдау көріп жатқан отбасылар өзгелермен терезесі тең болып, жақсы білім алуға, қоғамдық өмірге белсене араласатын толыққанды азаматтар болып шығары сөзсіз.

М.Белгібай,

Ардагер ұстаз.

Back to Top