Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ

Аудан орталығы Шәуілдір ауылындағы аудандық Кәсіпкерлер палатасы ғимаратында аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдау бөлмесі ашылды. Қабылдау бөлмесінде тұрғындарды толғандырған мәселелер бойынша барлық бөлім мен сала мамандары қызмет көрсетеді.
Енді азаматтар әлеуметтік мәселелері мен өзге де сұрақтары бойынша әр бөлімге барып уақыт жоғалтпай-ақ осы қабылдау бөлмесіне келіп, барлық сала бойынша қажетті қызмет түрлерін ала алады. Қабылдау дүйсенбі-жұма күндері аралығында жүргізіледі.

Back to Top