Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін ауданымызда Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын жақсарту» атты Қазақстан халоқына арнаған Жолдауында көтерілген ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін көпшілікке кеңінен түсіндіру мақсатында арнайы жиын өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліштің төрағалығымен өткен жиынға Түркістан облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бегман Нұрмаханов пен бас маманы Жолдыбай Бабашов, ауыл округі әкімдері, мекеме басшылары, кәсіпорындар мен шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.
Көпшілік алдында сөз алған облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма өкілдері Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында айтқан «Адам еңбекқор болып, өз кәсібін ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады»,-деген сөзін негізге ала отырып, еліміздегі 1-қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны көтеру жөнінде, сондай-ақ мемлекеттік болсын, жеке меншік болсын мекемелер мен кәсіпорын басшылары жұмысшыларымен еңбек шартына отыру қажеттігін заң аясында жан-жақты түсіндірді.
Жиын барысында көпшілік тарапынан қойылған сауалдарға басқарма өкілдері тұщымды жауаптар беріп, кеңес беріп өтті.
Жиынды қортындылаған аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Салхутдинұлы аудан тұрғындарына Елбасымыздың Жолдауына байланысты кеңінен түсінік берген инспекция өкілдеріне аудан халқы атынан ризашылығын білдірді.

Back to Top