Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ – ОТЫРАРДА

Бүгін Отырар ауданында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХVII конференциясы болып өтті.
Жиынды аудан әкімі, партияның аудандық филиалының төрағасы Ерлан Айтаханов ашып, ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын ауданда іске асыру барысы туралы баяндама жасады.
Конференцияда сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының президиум мүшесі Майра Арапқызы Айсина, Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сәкен Нұриұлы Өтебаев, Партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалима Жантөреевалар жиынға қатысушыларды партияның 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, бүгінгі таңда атқарып жатқан ауқымды істеріне тоқталып өтті.
«Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі «Әл- ауқаттық қоғам: он жылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау бойынша аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман баяндады. Сонымен қатар, конференция барысында 12 ақпан күні өтетін партияның облыстық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.
Жиыннан соң мәртебелі меймандар Отырардың брендіне айналған шұбат өндіретін «Отырар Сүт – Ет» өндірістік кооперативінің цехын аралап көріп, өлке тарихынан сыр шертетін археологиялық қорық – музейін тамашалады.
Сапар соңында Майра Арапқызы аудандағы өз кәсіпкерлігін ашуға ниетті әйелдермен кездесіп, оларға бизнесті бастаудың тиімді тәсілдерін айтып түсіндірді.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района