Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района


ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ – ОТЫРАРДА

Бүгін ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов Отырарға арнайы ат басын бұрды.
Бар саналы ғұмырын халыққа қызмет етуге арнаған, кешегі кеңестік кезең мен Тәуелсіздік жылдарында ұлтымыздың рухани өсуіне ерекше үлес қосқан қоғам қайраткері ауданға іс – сапарын Отырар музейін тамашалаудан бастады. Жаңарып, жасарған, соңғы технологиямен жабдықталған музейді асықпай аралап, қолтаңбасын қалдырған халық қалаулысы отырарлықтармен еркін форматта жүздесті.
Отырар мен Түркістанның қазақ тарихында алатын орынын, руханиятына қосқан үлесін, еліміздің ішкі және сыртқы саясатын саралап, Елбасымыздың еңбектеріне тоқталған Қуаныш Сұлтанұлы жиналғандармен әсерлі әңгіме өткізді. Ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері және жастардың өздерін толғандырған сұрақтарына егжей – тегжейлі жауап беріп, кездесу аса бір жылы жағдайда өрбіді.
Жиынды ашып, жүргізіп отырған аудан әкімі Ерлан Айтаханов елдің өркендеу жолында әр салада қызмет атқарған халықтың жадында ақпарат министрі, дарынды дипломат, заң шығарушы депутат болып жаңғыратын Қуаныш Сұлтановқа отырарлықтар атынан «Отырар жәдігерлері» атты альбом – кітапты тарту етіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Әсерлі кездесуден соң Мәжіліс депутаты «Отырар Сүт - Ет» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Бүгінде еліміздің ірі қалаларымен қатар бірнеше аймақтың дүкендерінде саудаланатын шұбаттан дәм татты.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района