Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

МЕМЛЕКЕТ МҮЛКІ МЕН ҚЫЗМЕТТІК АЛАҢДАР ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ ТИІС

Үстіміздегі жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы брифинг өткізді.

Брифинг барысында Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев қызметтік алаңдарды пайдалану нормаларының сақталуына жүргізілген талдау жұмыстарына тоқталып өтті.

Жүргізілген талдау жұмыстары барысында облыс бойынша мемлекеттік органдармен 39 869,1 ш.м. алаң нормативтен тыс артық пайдаланғаны анықталғанын, оның ішінде, орталық мемлекеттік органдарда – 6 122,3 ш.м., жергілікті атқарушы органдарда – 33 746,8 ш.м. құраған.

Нәтижесімен тиісті мекемелерге мемлекет қаржысын үнемдеу мақсатында анықталған артық алаңдарға ғимараттарды жалға алып отырған бөлімдерді орналастыру ұсынылғанын атап өтті.

Ғалым Сұлтанұлы жалпы мемлекет мүлкі мен қызметтік алаңдарды тиімді пайдалану нормаларының сақталуына Департамент тарапынан алдағы уақытта да түгендеу жұмыстары жүретінін айтып қорытты.

Back to Top