Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАН ӘКІМІ ҚОҒАМДА ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін аудан әкімі өзінің халық алдындағы кезекті есеп беру жиынын Қоғам ауыл округінде жалғастырды.
Есеп беру жиынынан бұрын аудан басшысы Қоғам ауылдық амбулаториялық емханасының жұмыс барысымен танысып, ем қабылдаушылардың жағдайын сұрады. 2017 жылы пайдалануға берілген емдеу мекемесі жаңа ғимараты заманауи талаптарға сай қондырғылармен жабдықталып, бұл күнде 4000 мыңнан астам тұрғындарға тұрғынға сапалы медициналық қызмет көрсетіп отыр.
Келесі кезекте аудан әкімі қоғамдықтармен кездесіп, өткен жылы атқарған жұмыстарын арнайы дайындалған бейнесюжеттен арқылы ұсынды. Жыл ішінде атқарылған жемісті жұмыстар мен толағай табыстарға қаныққан ауыл тұрғындарына аудан басшысы Ерлан Айтаханов 2019 жылы ауданымызда және Қоғам ауыл округінде атқарылатын ауқымды істер жөнінде баян етті.
Ағымдағы жылы ауыл округінде ағын су жүйелерінің құрылыстары, ішкі көшелерді жөндеу, көгалдандыру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру және ауданымызға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсаттарында Арыстанбаб кесенесі мен Отырартөбе қалажұртының маңын абаттандыру жұмыстары қызу қолға алынбақ. Ұлт Көшбасшысының мақаласындағы ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын (үйлер мен көшелерін, қоғамдық орындарын, су құбырларын, қала қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін) ішінара қалпына келтіретін туристік жобаларды іске асыру үшін ҚР Мәдениет және спорт, ҚР Сыртқы істер министрліктері және Түркістан облысының әкімдіктерінің қатысуымен арнайы тұжырымдама әзірлеуде. Тұжырымдама жүзеге асса ауданымыздың туризм кластерінің дамуына үлкен серпін берері сөзсіз. Қазірдің өзінде бұл бағыттағы жұмыстар қолға алынып, Қоғам ауылының іргесінен «Сапар орталығының» құрылыс жұмыстары басталып, қызу жүріп жатыр.
Жиын барысында сөз алған ауыл қариялары мен зиялы қауым өкілдері өткен жыл да қоғамдықтар үшін ерекше табысты жыл болғандығын айтып, алдағы жылдары да ауқымды жұмыстар атқарылатынына сенім білдірді.
Ауыл тұрғындары аудан әкіміне өте жақсы деген баға беріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Back to Top