Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ХАБАРЛАНДЫРУ

Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі «Кәсіпкерлік мектебі» ғимаратының 2 қабаты кіші мәжіліс залында 2019 жылдың 8 ақпанда сағат 16-00 де Шәуілдір ауылы, М.Әуезов көшесі, №2А үй мекен жайында сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша жер учаскелерінің меншік құқығын сату аукционын өткізеді.

Сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша аукцион өткізу шарттары.

Ұйымдастырушы объектінің бастапқы бағасын және бағаны көбейту қадамын жариялайды. Аукционға қатысушылар жарияланған қадам бойынша бағаны көтереді. Объект бойынша сауда-саттық объектінің ең жоғары ұсынылған бағасына дейін жүргізіледі. Егер объект бойынша сауда-саттықта қатысушылардың саны екіден кем болмаса, сауда-саттық өткізілді деп есептелінеді.

Жер учаскелерін сату шарттары: нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, игеру шартын жасау, объектіні жобалау үшін сәулеттік жайғастыру тапсырмасын алу, сервитуттар беру, жер төлемін уақтылы енгізу.

Ауыртпалықтар (шектеулер): инженерлік коммуникациялардың қорғау аймағын сақтау және оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз кіру мүмкіндігін беру.

Қосымша шарттар: құжаттардың бастапқы пакетін рәсімдеу бойынша шығын сомасы сатып алушымен өтеуге жатады.

Сауда-саттықта анықталған учаскенің құны 50 пайыз мөлшерінде аванстық төлем түрінде бес банк күнінен кешіктірілмей төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізілуі тиіс.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі:

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін 24 сағат бұрын аяқталады.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін: аукционға қатысуға өтініш, тұлғасын куәландыратын құжат, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі, өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат ұсынылуы қажет. Заңды тұлғалар қосымша нотариалды расталған Жарғының және заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін ұсынады.Төлемнің бастапқы бағасының нысаны мен шарттары:

Қатысушылар кепілдік жарнаның кез-келген санын енгізу құқықты, бірақ бір кепілдік жарна бір жер учаскесін сатып алуға құқық береді.

Аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап бес банктік күннен кешіктірмейтін мерзімде аукцион барысында белгіленген бағаның 50% мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиісті аванстық төлем есебіне алынады;

Кепілдік жарна «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына енгізіледі:.

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап мына мекен-жайда: «Кәсіпкерлік мектебі Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Шәуілдір ауылы, М.Әуезов көшесі №2А үй, Кәсіпкерлік мектебі ғимаратының 1 қабатындағы №103 кабинеті.

Анықтамалар үшін телефондар: 8/72544/ 21-9-77

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» №290 бұйрығы, Отырар ауданы аумағынан сауда-саттыққа (аукционға) түсетін жер учаскелерінің

ТІЗІМІ

№, Лот Орналасқан жері Нысаналы мақсаты Көлемі, ш.м Құқық түрі Аукционды өткізу тәсілі Жер телімінің бастапқы (төменгі) бағасы теңге Кепілдік жарна 50 АЕК
3 Отырар ауданы, Шәуілдір елді мекені,Ұ.Арғынбеков даңғылы Мейрамхана,сауда орталығын жобалау және құрылысын салу үшін 5000 жекеменшік ағылшын 1 015 000 126 250
5 Отырар ауданы, Шәуілдір елді мекені,Жібек жолы даңғылы Фитнес орталығын салу үшін 750 жекеменшік ағылшын 152 250 126 250
6 Отырар ауданы, Маяқұм елді мекені, Маяқұм-Балтакөл тас жолы бойы Жанар-жағармай бекетін салу және көріктендіру, көгалдандыру үшін 30000 жекеменшік ағылшын 3 300 000 165 000
10 Отырар ауданы, Маяқұм елді мекені Монша жайын жобалау және құрылысын салу үшін 9000 жекеменшік ағылшын 990 000 126 250
11 Отырар ауданы, Шәуілдір елді мекені Дүкен және жарнама агенттігін жобалау және құрылысын салу үшін 400 жекеменшік ағылшын 81 200 126 250
13 Отырар ауданы, М.Шойманов ауылы Машина-трактор жөндеу шеберханасын жобалау және құрылысын салу үшін 10000 жекеменшік ағылшын 1 230 000 126 250
17 Отырар ауданы, Талапты ауыл округіндегі арнайы жер қоры Мал бордақылау алаңы және сүт сауу цехын жобалау және құрылысын салу үшін 4700 жекеменшік ағылшын 838 950 126 250
19 Отырар ауданы, Қоғам ауыл округіндегі арнайы жер қоры Жабық спорт алаңын жобалау және құрылысын салу үшін 17325 жекеменшік ағылшын 3 092 513 154 625
22 Отырар ауданы, Отырар ауыл округіне қарасты арнайы жер қоры Машина-трактор жөндеу шеберханасы мен ылғалданған қиыршық тас (құм) сақтайтын орынды жобалау және құрылысын салу үшін 10000 жекеменшік ағылшын 1 785 000 126 250
23 Отырар ауданы, Шілік округіне қарасты арнайы жер қоры Жанар-жағар май құю, көлік жуу бекеті мен намазхана құрылысын жобалау және салу үшін 14600 жекеменшік ағылшын 1 861 500 126 250
24 Отырар ауданы, Отырар ауыл округіне қарасты арнайы жер қоры Мал бордақылау алаңын жобалау және құрылысын салу үшін 10000 жекеменшік ағылшын 1 785 000 126 250
25 Отырар ауданы, Шәуілдір елді мекені Аралас заттар дүкенін жобалау және құрылысын салу үшін 1000 жекеменшік ағылшын 203 000 126 250
27 Отырар ауданы, Жаңа Шілік елді мекені Шығармашылық үйін жобалау және құрылысын салу үшін 5000 жекеменшік ағылшын 615 000 126 250
28 Отырар ауданы, Шәуілдір елді мекені Сауда орталығын жобалау және құрылысын салу үшін 1890 жекеменшік ағылшын 383670 126 250
29 Отырар ауданы, Қарақоңыр ауыл округіне қарасты арнайы жер қоры Антенна-мачталық қндырғы орнату үшін 100 жекеменшік ағылшын 17850 126 250
30 Отырар ауданы, Шәуілдір елді мекені Сауда орталығын жобалау және құрылысын салу үшін 2100 жекеменшік ағылшын 426300 126 250
Back to Top