Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАН ӘКІМІ ТЕМІРЛІКТЕРГЕ ЕСЕП БЕРДІ

Түс ауа аудан әкімі Ерлан Айтаханов өзінің есеп беру жиынын Темір ауыл округінде жалғастырды.
Халқы тығыз орналасқан ауыл округінде өткен жылы көп жылдардан бері ауыл тұрғындарының көтеріп жүрген мәселелерінің бірі 200 орындық ауылдық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары аяқталып, ел игілігі үшін пайдаланылуға берілді. Ауылдағы «Алпамыс» бөбекжай балабақшасы бой көтеріп, оның ашылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың өзі келіп қатысты. Жаңа балабақшаға 43 азамат жұмыспен қамтылып, 140 бүлдіршін қабылданды. Сондай-ақ, газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілген ауылда жергілікті бюджет есебінен ұзындығы 500 метр болатын М.Құлымбетов көшесіне асфальт төсеу жұмыстары, «Алпамыс бөбекжай» балабақшасына баратын жолды жарықтандыру жұмыстары, Ардагерлер саябағының маңына тренажорлар орнату жұмыстары толығымен жүргізілді. С.Әлиев атындағы жалпы орта мектебі күрделі жөндеуден өтіп, абаттандыру жұмыстары да қызу қолға алынды. Нәтижесінде ауылдың ажары артып, еңбекқор тұрғындардың жұмысында серпін пайда болды.
Жиын барысында аудан басшысы 2019 жылы да Темір ауылында бірқатар игілікті істердің атқарылатындығына тоқталды.
Аудан басшысының өткен жылы атқарған жұмыстарына өте жақсы деген бағасын берген Темір ауылының жұртшылығы ақ баталарын беріп, алдағы істеріне ақ жол тіледі.

Back to Top