Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАН ӘКІМІ БАЛТАКӨЛДІКТЕРГЕ ЕСЕП БЕРДІ

Аудан әкімі Ерлан Айтаханов аудан тұрғындарына есеп беру жиынын Балтакөл ауыл округінен бастады.
Алдымен аудан басшысы ауыл округінде орналасқан тары өңдеу цехтарын аралап, шағын кәсіпкерлік нысандарының жұмыс барысымен танысып шықты.
Аудан орталығынан ең шалғай орналасқан Балтакөл ауылында өткен жылы біршама игілікті істер атқарылды. Бұрыннан тары-талқанымен, балдай тәтті қауын-қарбызымен танымал балтакөлдік шаруалар өткен жылы өндірілген ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін кіші тары цехтарының қатарын тағы да 2 цехпен толықтырды. Бүгінде «Батырбек ата», «Бақдәулет», «Досжан» цехтарының иелері өңделген өнімдерін (тары, талқан және қауын қақ, қауын құрт) «Отырар» белгісімен аудан, облыс, республика көлемінде таратуда.
Аудан әкімінің 2018 жылы атқарған есебін ауыл округінің тұрғындары арнайы әзірленген бейнесюджет арқылы тамашалап, танысты.
Сондай-ақ, Балтакөл ауылында М.Көбеев көшесін абаттандыру жұмыстары, М.Әжіқабылов көшесіне орта жөндеу жұмыстары және С.Ыдырысов көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталған.
Ал, 2019 жыл да балтакөлдік ағайындар үшін берекелі жыл болмақ. Жиында аудан әкімі биыл атқарылатын жұмыстар туралы баяндап, ауыл тұрғындарының көңіл-күйін бір серпілтіп тастады.
Жиын барысында көпшілік тарапынан туындаған сауалдарға нақты жауаптар берген аудан әкімінің атқарған жұмыстарына балтакөлдіктер көңілі толатындықтарын айтып, «өте жақсы» деген бағасын берді.

Back to Top