Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района


ЖАСТАР КЕҢЕСІ БОЛЫП ӨТТІ

Бүгін ауданымызда аудан әкімі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Ауыл округ әкімдері, бөлім басшылары, қоғамдық ұйым мүшелері мен ауданның белсенді жастары басын қосқан жиында Шілік, Ақтөбе ауыл округтеріндегі жастар инспекторларының ағымдағы жылы атқарған жұмыстары мен орталықтың психолог маманы Гүлдана Жантілештің аудан жастары арасында келеңсіз жағдайлардың алдын-алу (ерте жүктілік, өз-өзіне қол жұмсау, маскүнемдік, ажырасу, нашақорлық т.б) бойынша аудандық емханамен, барлық білім беру мекемелерінің психологтарымен бірлесіп өткізілген тренинг, сауықтыру шаралары сынды атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары тыңдалды.
Мұнан соң аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Әділханов баяндама жасап, ауданымыздағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың және жыл ішінде түскен тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.
Кезекті отырыста баяндамашылардың есебі бойынша кеңес мүшелері өздерінің келелі ойлары мен тұщымды пікірлерін білдіріп, жастармен жүргізілетін жұмысты жандандыру мақсатында бірнеше ұсыныстар айтылды.
Жастар кеңесінің отырысын қорытындылай келе, жиын төрағасы Пердехан Жаппарқұлов кеңесті үйлестіруші - Жастар ресурстық орталығына жаңа жыл басында кесте түзіп, дайындалған жоспарды кеңесте қорғалуын, жыл ішінде жоспардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, әр ауыл округінің жастар инспекторлары ауылдағы жұмыссыз жүрген жастарға «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Серпін», «Өрлеу» сынды т.б. мемлекеттік бағдарламаларды жан-жақты түсіндіріп, аталмыш бағдарламалар аясында жастарды тұрақты жұмысқа тартуды тапсырды.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района