Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ОТЫРАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР ЖАСАП ҮЙРЕНЕДІ.

Бүгін Түркістан облысы, Отырарар ауданындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында IT-сынып ашылды,
Сыныпта оқушыларды робототехника, 3Д модельдеу, анимациялық фильмдер мен киберспорттық ойындар жасау ісіне баулымақ. «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында ашылған IT-сынып «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы және Отырар ауданы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан.
Шарада Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова қиялы жүйрік, қағілез балалардың алдағы жұмыстарына сәттілік тілесе, Нұрмахан Миятұлы жобаны қолдап, жүзеге асырған аудан әкімдігіне ризашылығын білдірді. Жиында аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Ерлан Қуанышұлы барша шәкірттерді құттықтады.
- «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сенім білдірген ХХІ ғасырдың жастары, яғни оқушыларымыз ІТ сыныптарда озық технологияларды меңгеріп, үйренуі керек. ІТ сыныптар ашылуы мұнымен шектеліп қалмай ауданның барлық білім беру мекемелерін қамтитын болады. Бұл келер ұрпақтың бәсекеге қабілеттігін арттыратыны сөзсіз», - деді аудан әкімі.

Back to Top