Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района


«НҰР ОТАН» ҚАШАНДА ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!

Бүгін ауданымызға «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов арнайы іссапармен келді.
Сапарының барысын Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен «Руханият – Әбу Насыр әл-Фараби» музейлерін аралаудан бастаған Нұрмахан Миятұлы рухани ордадағы тарихи құнды жәдігерлермен танысты.
Жергілікті жерден табылып, музейдің көрнекті жеріне орналастырылған жәдігерлерді қызығушылықпен тамашалаған құрметті қонақ әсіресе, көне кітаптар мен қолжазбаларға ерекше назар аударды.
Мұнан соң «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында бір топ отырырлықтарды қабылдап, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізді.
Күрделі мәселелерін көтеріп, түйткілді сауалдары мен ұсыныстарын жолдаған аудан тұрғындарына Н.Жолдасов заң аясында шешімін табатындығын айтып, тұщымды жауаптар қайтарды.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района