Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ӘСЕРЛІ ӨТКЕН РУХАНИ КЕШ

Қасиетті жұма күні жаңадан ашылған сәулетті «Есен ана» мешітінде өткен жұма намазынан соң жұртшылық аудандық мәдениет сарайында өтетін қасиетті өлкедегі рухани кешке жиналды.
Мұсылман елдерінің қасиетті мерекесі – «Мәуліт» мерекесі қарсаңында өткен рухани кешке елімізге белгілі исламтанушылар мен құрметті қонақтар қатысты.
Қары Мұрат Тастанбекұлы қасиетті Құран аяттарыннан дұға бағыштап, жиынның бетпердесін ашса, исламтанушы ғалым Абдулла қажы Жолдастың жүректі иман нұрына бөлейтін тәрбиелік маңызы зор әсерлі әңгімесін жиналған жұртшылық ұйып тыңдады.
Рухани құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, өткенге салауат айтқан шарада Әліхан Тәжиев Майлықожаның «Уәли бекер болмасын» атты термесін орындаса, ақын Серік Сейітманның «Елдің тұғыры» әнін талантты жерлесіміз Досхан Одаманов нақышына келтіре шырқады.
Ж.Шанин атындағы облыстық драма театрының актерлері өскелең ұрпаққа ой салар туындылар мен қойылымдар ұсынып, үлкенді құрметтеу, ата-ананы сыйлау, бірлік пен береке сынды мәселелерді көрермендерге асқан шеберлікпен жеткізіп, терең ойға жетеледі.
Кіндік қаны тамған қасиетті жеріне табан тіреген дарынды жерлесіміз, ақын Серік Сейітман жерлестеріне имандылық тақырыбындағы жырларын тарту етті.
Жәкен Омаровтың «Зікір Алла» әнімен қорытындыланған рухани кеш ұзақ есте қаларлықтай әсерімен көрермендерге рухани нәр сыйлады.

Back to Top