Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ НАСИХАТТЫҚ ТОП АУДАНЫМЫЗДА

Бүгін ауданымызға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазан 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының ди⁠ректоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған бастаған республикалық ақпараттық-насихаттық топ өкілдері келді.
Елбасымыздың дәстүрлі Жолдауына байланысты өткен келелі жиынды аудан әкімі Ерлан Айтаханов ашып, жүргізіп отырды. Аудан тұрғындары, зиялы қауым, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласының өкілдері, саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан кездесуде арнайы баяндама жасаған тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған еліміздің экономикасын өркендетіп, тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған Елбасы Жолдауындағы 6 басымдыққа жан-жақты тоқталды. Ұлт Көшбасшысының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін халықта ынтымақ, бірлікпен қатар, елдің ерекше жігері болуы қажеттігін баса айтты.
Кездесуде сөз алған аудандық шаруалар қауымдастығының төрағасы Өсербай Жүніс, Қ.Сәтбаев атындағы мектептің мұғалімі Нұржігіт Нұрымшандар өз пікірлерін білдірсе, жастар өкілі атынан Гауһар Жүсіпәлиева отырарлықтардың Елбасы Жолдауына деген ыстық ықыласын жыр-шумақтарымен жеткізді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Ерлан Айтаханов Елбасымыздың Жолдауында атап көрсетілген негізгі бағыттар мемлекетіміздің кемелді келешегі, баянды болашағы үшін жасалып жатқан нақты қадам екендігін ерекше атап айтты. Аудан басшысы отырарлықтар атынан республикалық ақпараттық-насихаттық топ өкілдеріне алғыс білдіріп, аудан тарихынан сыр шертетін үш тілде жарық көрген «Отырар жәдігерлері» атты альбом-кітапты сыйға тартты.

Back to Top