Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болашақ ұрпаққа "аманат хат" қалдырды.

2018 жылы 28-қыркүйек күні Түркістан облысы Отырар ауданында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Отырар қалажұрты маңынан салынғалы жатқан «Отырар қалажұртының сапар-орталығына» «аманат хат» капсуласын салтанатты түрде орнату рәсімі өтті. Салтанатты жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы қатысып, болашақ ұрпаққа аманат хат қалдырды. Сондай-ақ, салтанатты жиынға қатысқан қонақтар Арыстанбаб кесенесіне зиярат етіп, Отырар қалажұртымен танысты.
Сапар орталығын салудағы мақсат: Отырар оазисінің мәдени мұрасын еліміз бен шетелдерде насихаттау, Отырар қорық-музейінің территориясында орналасқан тарихи-мәдени мұра нысандарының қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар, туризм саласының заманауи талаптарына сай туристік орталық жасау болып табылады.
«Отырар қалажұртының сапар-орталығы» – бұл мәдени туризм орталығына айналуға тиіс бірегей нысан. Сапар орталығының салудағы мақсат Отырар қорық-музейінің базасында коммуникация, мәдени ақпарат және шығармашылық инновациялар орталығын жасау. Қорық-музейдің функцияларын мәдени-ағарту мен имидждік орталық деңгейіне дейін кеңейтіп, тарих ғылымы, археология, реставрация, өнертану, этнографиямен ұштастыруға жағдай жасау жоспарланып отыр.
Сапар орталығының ғимараты Отырар қалажұртының территориясында археологиялық қорық, тарихи-мәдени және туристік орталық құруға, сонымен қатар, кешенді қызмет көрсету мүмкіндігіне ие көрмелік залдары бар музей кіретін, музейлік-көрмелік жүйемен өзара байланыстағы орталықтандырылған қор-сақтағышты жасауға бағытталған.
Сапар орталығы жекелеген музейлік заттар түрлеріне (саз, металл, тас, керамикадан жасалған бұйымдар) бойынша арнайы мамандандырылған қор-сақтаушы болып табылады.
Музей қорына түсіп отыратын экспонаттар үшін бірінші және екінші қабаттарда экспозициялық залдар қарастырылған. Экспозиция залдары функционалдық бағдарламада әр уақытта болатын өзгерістер мен түзетулерді ескеріп жобаланған. Екінші қабатта барлық залдар үшін қосалқы бөлме қарастырылған. Залдардың жобалық және көркемдік шешімін орталық қызметкерлері нақты көрмелік экспозицияның тақырыптық құрылымына байланысты жасайды (жарық, түс, фон, және тағы басқа).
Ғимараттың екінші қабатында орталық қызметкерлері үшін жеке компьютермен, принтерлермен, көбейткіш техникамен, сканерлермен, кеңселік жиһазбен жабдықталған жұмыс кабинеттері жобаланған, бұл өз кезегінде жұмыс орнын тиімді жабдықтап, бөлмені тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Құжаттау, есепке алу және ғылыми сипаттау құжаттарының сақталуын қамтамасыз ететін ғылыми архив жобаланған.
Бірінші этажда қосалқы бөлмесі бар 86 орындық лекциялық зал жобаланған. Лекциялық зал абонаменттік топтарға, жекелеген келушілерге (ғылыми қызметкерлермен кездесуге және т.б.) лекция оқуға арналған.
Цоколдық қабатта қор-сақтау бөлмелері қарастырылған. Қор-сақтау арнай музейлік стеллаждармен, шкафтармен жабдықталған. Қор-сақтаудың жанында түсетін материалды есепке алатын қызметкерлерге арнаған жұмыс орындары қарастырылған.
Реставрациялық жұмыстар мен көрмелік конструкцияларды жасау жұмыстары үшін цоколдық қабатта шеберханалар жобаланған.
Барлық шеберханалар мамандырылған реставрациялық қондырғылар мен жиһазбен жабдықталған. Мамандардың жұмыс орындары кеңселік жиһазбен, жеке компьютерлермен, принтерлермен жабдықталған.
Музейге жұмыс істеуге шақырылатын мамандар үшін және де Отырар қалажұртында қазба жүргізетін археологтар үшін 16 орындық жатақхана ғимараты қарастырылған.
Негізгі көрсеткіштер.
Тұрақты экспозицияда тұратын ірі габаритті (металл, саз) экспонаттар саны - 20 бірлік. Ұсақ экспонаттар саны - 90 бірлік.
Айта кету керек, Отырар өңіріне келуші туристердің саны жыл сайын артуда. Былтырғы жылы 300мың адамды құраса, биыл 8 айда 320 мың адамға жеткен.

Back to Top