Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ!

«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дейді дана халқымыз. Ғұмырларының ең қызықты да жарқын жастық шақтарын еліміздің өркендеуі мен келер ұрпақтың игілігіне арнаған қазыналы қарттарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.
Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ауданымыздағы ардагер қариялар облысымыздың тарихи орындарына саяхаттауға аттанды. 1-ші қазан халықаралық «Қарттар күні» мерекесіне орай аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы барып, ардагерлердің сапарларына сәттілік тіледі.
Аудан басшысы өз сөзінде: «Тәуелсіз еліміздің бүгінгі жетістіктері, болашаққа тыныш та, еркін және қауіпсіз өмір сыйлаған ардагерлердің ерен еңбегімен, қажырлы жігерінің арқасы екені анық. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауларында қаһарман ардагерлер, қазыналы қарттарымзды ешқашанда назардан тыс қалдырмаған. Қарттарға мемлекет тарапынан берілетін көмектер жыл сайын артып, арнайы емдеу орындарында демалуға барынша жағдай жасалынуда. Бұл – тәңірден келген тәуелсіздіктің сыйы деп білеміз»,-дей келе, еліміздің баянды болашағы жолында рухани құндылықтарымызды насихаттап жүрген қарияларымызға амандық тіледі.
Сөз барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев Ұлт Көшбасшысының бағдарламалық мақаласында көтерілген «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына» енген тарихи орындар – Домалақ ана кесенесі мен «Ақмешіт» үңгіріне саяхаттауды ұйымдастырып, қарттарға құрмет көрсеткен аудан әкіміне шынайы алғысын білдірді.
Мұнан соң аудан өнерпаздары қасиетті домбыраның күмбірлеген үнімен ардагерлердің көңіл-күйін көтеріп, ұлттық әндерді әуелете шырқады. Ұйымдастырушылардың ықыласы мен шынайы сый-құрметіне көңілдері марқайған қариялар бала көңілмен саяхатқа аттанып кетті.
© Отырар Ауданының Әкімдігі

Back to Top