Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

«ЖАСТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ»

Бүгін ауданымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» өңірлік эстофеталық марафоны аясында жастардың қатысуымен флэшмоб ұйымдастырылды. Жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеу, Отанымыздың игілігі үшін адал қызмет етуге шақыру және бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен шараға аудан әкімінің орынбасары П. Жаппарқұлов пен аудан әкімі аппаратының басшысы А. Мәулен қатысып, мемлекеттің дамуын тежейтін бұл індетпен қоғам болып күресу әрқайсысымыздың азаматтық міндетіміз екенін айтып, жалынды жастарды сыбайластықпен бірлесе күресуге шақырды.Іс-шара барысы өнерпаз жастардың ән-биімен жалғасын тапты.

Back to Top