Қазақша Русский

МАРАПАТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Биыл Елордамыз Астана қаласына 20 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаны еліміз кеңінен тойлауда. Мерейтойға арналып шығарылған «Астанаға - 20 жыл» төс белгісі Еліміздің дамуына зор үлес қосқан азаматтарға беріліп келеді. Айтыс өнерінің ақтаңгері Әселхан апамыз да осы марапатқа лайық деп танылған екен.
Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері осы шараға байланысты Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекованың үйіне арнайы ат басын бұрды.
Халық ақынының өңіріне төсбелгіні тағып тұрып: «Қазақтың төл өнері айтысты дамытуға қосқан үлесіңіз өте зор. Кеңестік кезеңнің өзінде Ақын ретінде ұлттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтағансыз. Тәуелсіздік тұсындағы еңбегіңіз бір төбе. Құрмет пен марапатқа кенде емессіз. Десек те, бүгінгі төс белгінің орыны ерекше. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын Сіз жүйелі түрде халық арасында насихаттап, жүзеге асырып келесіз. Әлі де осы игілікті ісіңізді жалғастыра беріңіз. Денсаулығыңыз мықты болсын»-деді аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы.

Back to Top