Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ

Бүгін ауданымызға Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Мұхиденұлы Әлішев келіп, Әдеп Кодексінің талаптарының орындалуы бойынша Шілік, Ақтөбе ауыл округтерінде мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен кездесу жиындарын өткізді.
Жиын барысында Әмірдин Мұхиденұлы Әдеп Кодексінен туындайтын талаптар жайында айта келе, «Әдеп кодексі» мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне ғана емес, олардың жұмыс және жұмыстан тыс уақытта өзін-өзі ұстау стандарттары туралы да кең көлемде мағлұмат беріп өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл туралы заңынан туындайтын мәселелерге де тоқталды. Кездесуде мемлекеттік қызметшілер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оған заң аясында тұщымды жауаптар алды.
Шілік, Ақтөбе ауылдарындағы өткен жиын соңында және түс ауа аудан әкімі аппаратында Әдеп жөніндегі уәкіл жеке қабылдау өткізіп, тұрғындар мен мемлекеттік қызметшілердің жеке мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Back to Top