Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудандық қоғамдық кеңестің кезекті көшпелі отырысы өтті. Жиынның күн тәртібіне сəйкес Отырар, Темір, Қарақоңыр ауыл округтері әкімдерінің 2018 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары мен алға қойған міндеттері туралы есептері тыңдалды.
Кеңес отырысында алғаш баяндама жасаған Отырар ауыл округі әкімінің міндетін атқарушы Бауыржан Төлбасы елдімекенде үйіргелік жерлерге жылыжай салу жұмыстары жақсы жолға қойылғанын, осы арқылы бірқатар тұрғындар халықты көкөністермен қамтамсыз етіп, отбасылық жағдайын жақсарып отырғанын сөз етті. Сондай-ақ, ауыл округіндегі шаруалар 925 га дәндік жүгері, 57 га мақта, 497 га жаңа жоңышқа, 362 га бақша және басқа да егін егіп, жалпы 2312 га суармалы жерді игерген.
Мұнан соң мінберге шыққан Темір ауыл округінің әкімі Жандос Қуатбеков алты айдағы оңды істерге тоқталды. Ауыл округіндегі әлеуметтік сала бойынша атқарылған жұмыстарды сөз еткен әкім тұрмысы төмен отбасыларға жергілікті кәсіпкерлер мен депутаттардың демеушілігімен қаржылай және материалдық тұрғыдан көмек көрсетіліп жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, ауыл округі бойынша жыл басынан бері 101 азамат тұрақты және бос жұмыс орындарына тартылған.
Аталған салалар бойынша Қарақоңыр ауыл округінде де жүйелі жұмыстардың бар екенін аңғаруға болады. Жиын барысында елдімекендегі мал шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқанын айтқан ауыл округі әкімінің міндетін атқарушы Шерхан Олжатай мұның бәрі мемлекет тарапынан көрсетілген жеңілдіктер мен бағдарламалардың жемісі екендігін сөз етті. Ауыл округіндегі малды қолдан ұрықтандыру бекетінде 360 бас ірі қара мал қолдан ұрықтандырылып, асыл тұқымды мал басын көбейту жұмыстары жүргізілген.
Басқосуда кеңес мүшелерінің ауыл округтеріндегі мал ұрлығы, қысқы мал азығын дайындау сынды мәселелерін көтеріп, қойған түйткілді сауалдарына ауыл округі әкімдері тұшымды жауаптар қайырды. Жиын барысында қоғамдық кеңесті төрағасы Мырзахмет Темірбеков ауданымызда туризм саласын дамыту ең өзекті мәселенің бірі екенін, осы бағыт бойынша әр ауыл округінде көше тазалығы мен абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілсе деген ұсынысн жеткізді. Жиын соңында кеңес мүшелері ауыл округтері әкімдерінің жұмыстарына қанағаттанатындығын жеткізіп, оң бағасын берді.

Back to Top