Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района


ТУҒАН КҮНІҢМЕН, АСТАНА!

Бүгін Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай аудан жастары «Туған күніңмен, Астана!» тақырыбымен мерекелік кеш өткізді. Жастардың бас қосуы еркін форматта өткендіктен қызықты әрі тартымды болды.
Аудан әкімі Ерлан Айтаханов шараға арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде аудан басшысы Астананың мәртебесіне терең тоқталып, ерекшелігін атап өтті. «Өздеріңізге белгілі, Елбасымыз Н.Назарбаев осыдан жиырма жыл бұрын мемлекет мүддесін таразылап тарихи шешім қабылдаған болатын. Астананың еліміздің орталығы Арқа төсіне көшуі саяси, мәдени – рухани, экономикалық тұрғыдан оң шешім болғаны бұл күндері дәлелденіп отыр. Азиада ойындары, ОБСЕ самиті, Евразия форумы, ЭКСПО-2017 т.б. халықаралық шаралар әлем назарын біздің елге аударды. Баршаңызды Астанының 20 жылдық мерекесімен құттықтаймын!» - деді.
Мұнан соң Ерлан Қуанышұлы ауданның белсенді жастарын «Алғыс хаттармен» мараппаттап, бәріне сәттілік тіледі.
Мерекелік жиында Астананың құрдастары Елордаға арнаған өлеңдерін оқып, өнерлі жастар ән айтып, өзара пікір алмасты.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района