Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района


ҚОҢЫР ҮНДІ ДОМБЫРА

Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі қазақ халқын ерекше қуантып отыр. Домбыра күнінің мерекеге айналуы - көнеден жеткен асыл қазынамызға, ұлттық мұрамызға берілген лайықты баға. Ұлттық домбыра күнін тұңғыш рет лайықты түрде атап өту үшін ауданның белсенді жастары «Шәміл-Дүр» жастар саябағына жиналды.
Қазақ мұңайса мұңайып, қуанса шаттанып ұлттың жеңісінде рух көтеріп, делебе қоздырып қан ойнатқан алтын тиекті тәлім құралын ұлықтау шарасында өнерлі жастар күй тартып, халық әндерін шырқап думанды кештің көркін қыздырды.
Айтулы шарада аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Әділханов: «Домбыраның қазақ өмірінен алар орны үлкен. Өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, рухани тереңдікке тәрбиелейміз десек, бұл шараның мәні орасан. Бұған Елбасымыз да өзінің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айрықша назар аудартқан болатын. Домбыра секілді басқа ешбір музыкалық аспап ұлтымызды осылай біріктіріп, рухымызды көтере алмайды»-деп, қасиетті домбыраны қолына алып, қазақ халқының ұлттық өнерінің құдіретін асқақтатқан аудан жастарына алғысын білдірді.
Шара барысында «күй тартыс», айтыс, дәстүрлі ән орындаушылары өз өнерлерін ортаға салып, құдіретті домбыра үнін көкте әуелет

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района