Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района


ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін ауданымызда жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке аудан орталығындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлері мен ерікті аудан тұрғындары қатысып, тазалық жұмыстарына біркісідей ат салысты.
Бұл игі шарада көшелер, мекеме аулалары, жеке тұрғын үй төңірегі күл-қоқыстан тазартылып, арық-атыздар ретке келтірілді. «Тазалық – денсаулық кепілі» демекші тұрғындар осы пайдалы іске жұмыла кірісіп, ортақ игіліктен тысқары қалған жоқ. Жастар жағы да бұл күні көтеріңкі көңіл-күймен белсене еңбек үлгісін көрсетті.
Аудан орталығындағы «Ардагерлер», «Жастар» саябақтары, Жібек Жолы даңғылы бойы ретке келтіріліп, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района